Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Індет елімізге енгелі күн сайын жағымсыз жаңалықтар естіп жабырқап жүргеніміз рас. Осындай сындарлы сәтте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, көптің көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап берді.
Президентіміз айтқандай, қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Осындай қысылтаяң шақта халыққа жан-жақты қолдау болатындығын мемлекет басшысы ерекше атады. Мемлекеттегі карантинді де күшейтуге тапсырма берді.
Сонымен қатар адам өміріне араша түсіп, еселі еңбек етіп жүрген ақ халатты дәрігерлерді бүгінгінің батырына теңеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме? Қазіргідей сын сағатта елдегі ахуалға түсіністік танытып, әрбіріміз талапқа бағынғанымыз жөн. Әркім өз жұмысына жанашырлық танытып, жағдайға орай жұмыс жүргізсе, шешілмейтін түйін болмайды. Мәселен, біз төртінші оқу тоқсанынан бастап қашықтықтан оқытуға дайындық үстіндеміз. Күнделікті жаңа идеяларды жүзеге асырып, оқушылардың уақытылы әрі толыққанды білім алуына күш салудамыз. Сынама сабақтар өтіп, дайындық барысын үнемі қадағалап отырмыз.
Мемлекет басшысының: «Біз рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін» деген сөзі ертеңгі күнге деген үлкен үмтімді нық сенімге айналдырды.
Эльмира СМАТУЛЛАЕВА,
Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп директоры

01 сәуір 2020 ж. 713 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930