Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияның Қызылорда тұсында сең жүре бастады

Сырдарияның Қызылорда тұсында сең жүре бастады

Сырдарияның Қызылорда облысы аумағындағы бөлігінде сең жүріп жатыр. Бұл жөнінде облыстық жұмылдыру дайындығы жөніндегі басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дариядағы ең қалың мұз Қазалы, Арал аудандарында байқалып отыр. Ол аумақтарда мұздың қалыңдығы 35-70 сантиметр шамасында. Ал облыстың оңтүстігінде орын тепкен Жаңақорған, Шиелі аумағындағы дария бойында мұз мүлдем жоқ. Ол Сырдария, Жалағаш, Қармақшыда 25-40 сантиметрге жуықтайды.
Ал облыс орталығы - Қызылорда қаласы маңындағы «КОПЭС» саяжайы тұсында, Қызылорда су торабынан 10 шақырым жоғарыда сең жүруде. Мұздың қалыңдығы 10-15 сантиметр. Ал Сырдария өзенінен секундына 245 текшеметр су өтуде. Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі су деңгейі бірқалыпты.
«Дегенмен су басу аумағында орналасқан саяжай тұрғындары мен шаруашылық иелері қауіпсіздік шараларын сақтағаныжөн. Әкімдік пен Төтенше жағдай департаменті тарапынан ескерту алған жағдайда уақытша көшу мәселелерін (эвакуациялық пунктке) қарастырғаны дұрыс», - дейді жұмылдыру дайындығы басқармасының мамандары.
13 наурыз 2018 ж. 2 210 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930