Құмар ойынның құрығы
«Қап... Жолым болмады... Осы жолы ұтатын шығармын? Тағы да ойнайын... Бүгін менің күнім емес ау?! Ақша алып тағы келемін». Бұл сөздер мұнда келушілерге жақсы таныс. Осылайша бар тапқан таянғанын құмар ойынға салып, отбасынан, дос-жарандарынан алшақтаған жандар қаншама?! Оған құлшынып, бәс тігетін адамдар саны бүгінде аз емес. Бірі ауқатты отбасының мүшесі болса, екіншісі айлық табыспен әзер күн көріп отырғандар. Ал кейбіреулер мұны тұрақты кәсіпке айналдырған.
«Оңай жолмен келген ақша, орынсыз кетеді» деген сөз бар. Қанша ұтқаныңмен кәдеңе жарамайтын қу қаржының жетегінде жүрген бауырларымыз құмар ойынның құрбанына айналып бара жатқанын жасыра алмаймыз. Ол аз болғандай бүгінгі күні ойын терминалдары аз уақыт ішінде ауданда көбейіп кетті. Соның төртеуі бірдей Желтоқсан көшесінің бойындағы «Vip» дүкенінде орналасқан. Және бұл халық арасында, әлеуметтік желі де қызу талқыға түсіп жатыр. Сауда жасауға кірген әрбір тұрғын ол жерде көбінесе мектеп оқушыларының тұрғанын айтады. Осы ретте Әйтеке би кентінің тұрғыны Бақытжан Решов:
– Мен сол дүкеннің тұрақты тұтынушысымын. Терминалдардың да келгеніне көп бола қойған жоқ. Алайда ішіне бара қалсам, соның алдында топтасқан оқушы балаларды көремін. Ата-анасынан алған ақшасын осында әкеліп салып жатады. Жастайынан үйінен ішіп-жемге алған тиынын құмар ойынға жұмсайтындардың болашағынан қандай үміт күтуге болады?! Бұл жағын ата-аналар қатаң назарға алып, ертерек ойлануы тиіс. Олардың қатарында ересектер де бар. Айлық табысын әкеліп ойланбастан бәс тігеді. Егер құмар ойындарға құнығатын болсаң, оның соңы жақсылыққа апармайды, – деді.
Айтса айтқандай ата-ана үйдегі балаларының не істеп жүргеніне мән бермейтін болса, бұрыс жолға түсері анық. Ойлау қабілеті бұзылып, соған тәуелді болуы да ғажап емес.
Бір айлық табысыңды бір сағатта құмар ойынға салып жіберу адам сенгісіз нәрсе. Дегенмен мұндай жандар да арамызда жүр. Жақында ғана Жанқожа батыр көшесінің бойынан «Loto club» ашылғанын айта кету керек. Мақсатымыз жарнамалау емес. Керісінше, жасөспірімдердің жалғанның жетегіне еріп, жеңіл жолмен келетін қаржыға әуес болмауына сеп болу. Кеш батқанда ол жаққа баратын жастардың қарасы қалың. 24 сағат жұмыс жасайтын орынға қай уақытта болмасын бас сұқсаңыз адам санының көптігін көресіз. Бірі қомақты қаржыны қолтығына қысып қуанып жатса, екіншісі бармақ тістеп қолында бар ақшасын «Loto club» бюджетіне тастайды. Осылайша ақкөздікке салынып, үйіндегі бар ақшасын әкелетіндерді де көз көріп жүр. Сол қатарда ойынның қызығына түскен 29 жастағы Алмат (есімі өзгертіліп берілді) «азарттың» апатынан шыға алмай жүргенін айтып берді.
– Бұл дерт студент кезімнен басталды. Ақшадан қысылғанда ара-тұра баратын болсам, кейін әдетке айналдырдым. Оқуды бітіріп елге келіп, жұмысқа орналасып барлығын ұмытып кеткенмін. Алайда жақында ауданда ашылғанын естіп бардым. Бастапқы да ішін бір шолып қайту үшін бас сұққанмын. Артынша нәпсіме ерік беріп, қалтамдағы ақшаға қол салдым. Шыны керек біраз ақша ұттым. Осылайша бірнеше мәрте қалтамды қалыңдатып жүрдім. Ал қазір барлығы керісінше. Көптеген туған-туыстарыма, достарыма, әріптестеріме қарызға баттым. Одан бөлек банктерден алған бірнеше несием бар. Болды... «Қойдым» десем де тоқтар емеспін. Ойымның барлығы сол жаққа тартады да тұрады, – дейді ол.
Психологиялық тұрғыдан бұл дертке «лудомания» деген атау берілген. Оған көбінесе жастар ұшырайды. Лудомания жасөспірімдердің көңіл-күйіне, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізеді. Осы ойынға құмартқан адам түрлі қылмысқа да барады. Қарызға белшеден батып, қалайша тәуелді болғанын білмей қалатын көрінеді.
Осы күні тамырын кеңге жайған бұл орындарды зерттеу барысында барлығына демеушілік жасап отырған «Lotomatic», «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы мамандарымен байланыс құрдық. Олардың айтуынша, барлығы заңды түрде жасалып жатыр. 2016 жылы 4 сәуірде құрылып, ҚР Ұлттық заңнамасы 2016 жылы 9 сәуірде қабылданған. Сонымен қатар қазіргі таңда компания №48 үкімет қаулысына сәйкес республикадағы бірыңғай лоторея операторы болып табылады екен.
«Біздің негізгі мақсатымыз – қазақстандықтардың сенімдеріне ие болу, бұл үшін «Сәтті Жұлдыз» АҚ, жоғары жүлде қорларын және ірі ақша төлемдерін қамтитын дүниежүзілік деңгейдегі лоторея өнімдерін ұсынады. Лоторея өнімдерін жасауда ашықтық және жауапкершілік қағидалары негізге алынған», – дейді сондағы мамандар.
Олардың айтуынша, бұл құмар ойынға жатпайды. Қалай десек те мұның барлығын оңды тәрбие көзі дей алмаймыз. Тақырыпты көтергендегі көздегеніміз оларды жауып тастау емес, жасөспірімдердің қате қадам жасамауына жол көрсету. Көзі ашық, көкірегі ояу, болашағынан зор үміт күттіретін өрендердің пиғылын өзгертуге аз да болса көмегіміз тисе, құмар ойынның құрығынан көп жастар қашық жүрер еді.

Абзал ЖОЛТЕРЕК