Ақша тапқан сайын жетпейді, неге?
Ақша деген ұғымды кім қалай түсінеді? Қаражат бізге не үшін қажет? Жұмыр басты пендені өзіне тәуелді етіп қоятын оның нендей қасиеті бар? Бұл сұраққа айтылар уәж өте көп. Сол секілді тағы бір көпшіліктің көкейінде жүрген сауал «неге ақша тапқан сайын жетпейді?» Біздің де негізгі әңгімеміз осы жайында өрбігелі отыр.
Қазіргі адамдардың өмір сүруі мен әрекет етуінің ажырамас құралдарының бірі ақша екені белгілі. Адамға ауа мен су қаншалықты керек болса, қаражат та соншалықты қажет. Ертеректе күмістен, мыстан құйылған құйма тиындарды «пұл» деп атаған. Сонымен бірге ақшаның орнына малмен саудаласып, айырбас жасап отырған. Осы кезде барлығына бірдей құнды қағаздың билігі жүріп тұр.
Қазақта «Мың ділдә бардың қалтасында, жоқтың ауызында» деген керемет сөз бар. Олай болса, күнделікті қалтаңыздағы қаржының қалай келіп, кететініне қарапайым шолу жасап көрелік. Мысалы, сіздің айлық табысыңыз 100 мың теңге деп алайық. Оның 50 мың теңгесі несиеге кетсе, 20 мың теңгесіне үйге тамақ аласыз. Қалғаны қалтаңызға сыйғанымен көңіліңізге сыймайды. Өйткені, жүріп-тұруыңыз бар, одан бөлек киім киесіз, достарыңызбен қыдырып, той-томалаққа бару да жиі болып тұрады. Айлық табысты алмас бұрын оны қайда жұмсауға болатындығын алдын ала жоспарлап қоятын адамдар қатарында мен де бармын. Әрине барлығы бірдей орындалмайды. Себебі аяқ асты күтпеген тосын жағдайлар орын алып, ақшаңыздың аз уақыт ішінде қалай жоқ болып кеткенін өзіңіз де байқамай қаласыз.
Қазір көпшілік кім қанша қаржы тапқанымен, соншалықты жетпейтінін айтады. Мейлі сіздің айына алатын жалақыңыз 300 мың болсын, 100 мың болсын, ақшаның жұмсалуы бір. Осы сұраққа «facebook» әлеуметтік желісі арқылы бұқараға ой тастап көрген болатынмын. Халықтың басым бөлігі: «Қаншалықты ақша тауып, қызмет өсіп, таныс көбейген сайын баратын жер де арта түседі» десе, енді біреулері: «Қанша кіріс кірсе, сонша шығын шығады. Байлықтың соңынан қуғанмен түбіне жетпейсің», – деп жауап қайтарды.
Иә, ақша барлығымызға қажет. Бірақ оны қалай пайдалану керек? Егер оған тіл бітсе барлығына жететінін айтар еді. Дегенмен адамдар оның көп екенін білсе, қадірін ұмытып та кетеді. Демек ақшаны ардақтай білгендер ғана көзін тауып, қомақты қаражат табады. Ақшаның да көзі, құлағы бар. Егер үнемдей білмесең, қалтаңда тұрмайды. Құнды қағаз өмірдің маңызы емес, бірақ барлық қажеттіліктер соған тәуелді. Айналып келгенде ештеңе ақшасыз бітпейді.
Тақырыпты зерттеу барысында көкейдегі түйткілге жауап іздеп, біршама жайттарға қанық болдық. Басты сұраққа оралайық. Әлеуметтік желідегі жауаптар көп болғандықтан, ішінен көңілге қонымдыларын түртіп алып, сіздермен бөліскенді жөн көрдік.
– Әрине, адам көбірек табыс тапқан сайын тек сапалы дүниелер алғысы келеді. Ақша аз кезде, 5-6 мыңның аяқ киімін місе тұтса, көбейгенде 10-15 мыңдікін алады, – дейді Жақсыгүл Насенқызы. Ал, Айтолқын Алтаеваның пікірі мүлде бөлек.
– Біз ақшаны тым қатты жақсы көреміз. Сондықтан да көп қаражат табатын адам ананы, мынаны жасаймын дейді. Тамақ пен ең қажетті киімнен бөлек кір жуғыш машина, сапалы мебель сияқты қымбат дүниелер аламын деп алдын ала оймен жаратып тастаймыз. Сосын қалай қолымызға тиеді, солай жоқ болады. Аз ақша алатын адам ғана тек тамақ пен ең қажеттісіне жаратады.
Міне қызық, мына тұжырым сізге де, бізге де үлкен ой салды. Сонда құнды қағазды орынды жарату үшін барлығымыз бірдей ақшаны аз табуымыз қажет пе? Бұл сұраққа келесі оқырман «Ақша табуды білген адам оны пайдаланудың да жолын біледі. Сол себепті қанша тапсаң да ақша жетпейді», – деп жауап қайтарды.
Бұл әр адам ақшаны әрқалай тұтынады деген сөз. «Facebook» әлеуметтік желісімен шектелмей, «Instagram» арқылы да берілген сұрақтың ішінде қызықты жауап ретінде есте қалғаны қатарынан: «Тапқан сайын талабың күшейеді. Самса емес, кәуәп жеп, маршрут емес таксимен жүресің» деген болса, келесісі: «Ақша дегенің – шашуға арналған нәрсе» дейді.
Ақша адамдардың жас шамасына қарап, әрқалай бағытқа жұмсалады. Оны күнделікті өмірден байқап жүрміз. Әйтсе де, 18-25 жас аралығындағы жастардардың айлық табысы немесе күніне түсетін қаржыларын қалай, қайда жарататыны кімге болмасын қызық. Осы орайда қарапайым шаштараз Ақжол Асқарұлы:
– Мен ақшаны күнделікті ұстайтын адаммын. Күніне жұмысым жақсы жүрді дегенде 13-15 мың теңге, адам аз келген кезде 6-7 мың теңге қалтама түседі. Тапқан табысым ішіп-жеуіме, жүріп-тұруыма, киіміме, одан бөлек қыдыруыма кетеді. Жұмыс істеп, отбасыма апаратын азық-түлік пен ата-анама беретін ақша тағы бар. Қанша қаражат тапсам да соның барлығына бірдей жеткізіп отырамын. Аз тапқанда арзан дүниелерге ұмтылып, көп болғанда қымбат заттарға жүгіремін, – деді ол.
5-ші квартал тұрғыны Гүлмира Нұрмаханова:
– Айына түсетін ақшаның жарататын өз орны бар. Қаржы қолған тиген кезде тамақ, киімнен бөлек үйдегі керекті жиһаз, кілемдерді ауыстырғың келеді. Ақша түскен кездің бір айында жұбайым екеуміз киім алсақ, одан кейін балаларымызды киіндіреміз. Ай сайынғы түсетін табыс орнын тауып, жұмсалып жатады, – деп үйге кіріс кірген сайын ақшаның да баратын жері табылатындығын айтты.
Бала күнімізде 80 жасқа аяқ басқан әжеміз зейнетақы алған кезде үйдегі немере-шөберелеріне аз-аздан таратып беретін. Қалған қаржыны бір шүберекке түйіп, жасырып қоятын. Қазір де солай.
75-ке келген Базаркүл Мырзалиева:
– Зейнетақымды жинап отырамын. Кейде туған-туыстардың тойына көп жағдайда ақшалай барамын. Ауысқанын балаларыма қаражаттан қысылғанда таратып беремін. Жас үлкейген сайын киімді де көп кимейсің, баратын жерде азаяды екен. Айына түскесін ақша орнымен кетіп, артылып та қалады, – деген кейуана сөзінен шүкіршілікті аңғардық.
Ақшаның ізін қуып, оның түбіне жеткен адам жоқ. Кеңес дәуірінің идеологиясы ақшадан тежелуге, құмар болмауға, елікпеуге үндеген болса, қазіргі өмірде мол тап, барынша көп ал дейтін жағдайға жеттік. Бұл да дұрыс шығар, дегенмен артық табудың жолы осы екен деп бұрыс жолмен ақша табу мақсат болып саналмайды. Себебі қолыңызға жеңіл қонған көк қағаздың сұрауы да қатты болатыны әмбеге аян.
Бүгінде «бәрін ақша шешеді» деп езеурейтін замандастарымыз да бар. Алайда бұл философияның ұшқарылығын дәлелдеудің қажеті жоқ. Өйткені ақша адамзат үшін материалдық демеу болғанымен, ешқашан рухани құндылық болмайды.
Біраз жерді шарлап, бірсыпыра адамдардан пікір сұрап, көптеген жауаптарға қанық болдық. Бастысы, ақшаның қол шоқпарына айналмай, керісінше, ақшаны өзімізге бағынышты етіп, өз орнымен жаратқанымыз артық етпейді.

А.БАҚЫТҰЛЫ