Диплом бар, жұмыс жоқ
Ертеректе дипломы бар азамат аса жоғары бағаланатын. Себебі ол кезде жоғары білімді атанатындар қатары көп емес еді. Сондықтан болар Мәскеу көріп, білімін жетілдіріп қайтқандар елде ерекше құрметке ие. Ал бүгінде оқуды бітіргенмен арнаулы құжаты сандық түбінде шаң басып жатқандар қатары көп екені жасырын емес. Жоғары білім алу – жұмысқа тұрудың жолы екенін анық. Мұны түсінгендер бір емес, бірнеше оқу орнын аяқтағанымен, артынша өзі таңдаған мамандық иесі атануды ойламай, қаражат мәселесін шешу үшін басқа кәсіпті ширатуға мәжбүр болады. Бұған себеп – дипломның жарамсыз қалып, тұрақты жұмыстың болмауы.
Университетте оқуды мақсат тұтқан студент мамандық таңдауға салғырт қарамауы қажет. Қазіргі жастар сұранысқа ие маман болудың орнына, ата-анасы таңдаған жолға түсіп немесе көпшілік көз тіккен орталардан табылғанды құп көреді. Оның үстіне мұғалім, заңгер, медицина саласына таңдау жасайтын жасөспірімдер саны жетіп артылады. Дегенмен олардың барлығы дерлік диплом жемісін көріп жүрген жоқ. Сондықтан әрбір жас болашағы үшін басқаның емес, өзінің қажетін ойлағаны артық етпейді.
Түптеп келгенде төрт жыл бойғы білімді растайтын құжат құнсыз деп айта алмаймыз. Тиісінше бір мамандықты алып, мансабы жоғары қызметте еңбек етіп жүрген азаматтар да ел ішінде жүр. Бірақ барлығы адамның тікелей өзіне байланысты. Қыруар қаржыны университет бюджетіне салғаннан кейін жүрдім-бардым, келдім-кеттім жағдайда білім алып, кешті болдыруға асығатын маманның келешегі болмайды. Керісінше, қабілет-қарымды қамшылап, мамандықты толық меңгеріп алған дұрыс. Себебі алдағы уақытта айыңыз оңынан туып, бір кәсіптің майталманы бола қалсаңыз барлығы алдыңыздан шығуы ғажап емес.
Тағы бір айта кететіні, заманауи білім сұранысында дипломның қызыл не көк болуы емес, сапасы һәм маманның бәсекеге қабілеттілігі маңызды. Олай дейтініміз бүгінгі еңбек биржасында жұмыс берушілердің жас маманға көңіл толмаушылығы айқын аңғарылып келеді. Бұл жыл сайын ақысын үстемелеп келе жатқан оқу орындарына сын. Бакалавр дәрежесін алып шыққан маманның қабілеті жұмысшылардың талабын толық көтере алмауда. Мұның басты себебін сарапшылар оқу сапасының тым жоғары еместігімен байланыстырады.
Негізгі мәселеге оралайық. Қос дипломды құшақтап, табанынан таусылып, әуре-сарсаңға түсіп, жұмыссыз адам қатарынан көрініп жүргені есіне түссе көп жастың өкініштен өзегі өртенеді. Сарғайған дипломды қолына алып, мекеме есігін жағалап жүргендер отбасы қамын ойлап, жалдамалы жұмыстарға жегілуге мәжбүр болады. Сонымен қатар құжаттың пайдаға аспайтынын білгендер, жеке кәсіп ашып ісін дөңгелентіп жүрсе, енді бірі табыс тауып бала-шағасын асырауға алыс қалаларға жол тартып, бір айлық қызметке орналасады. Әрине ауылдың айналасында болып, өз үйіңнің табалдырығынан кіріп шыққанға ештеңе жетпейді. Амал жоқ жергілікті жерде жұмыс табылмағандықтан сыртқа кетуге тура келеді. Осы ретте қаржы мамандығын бітірген Нұрлыбек Әбілез:
– 2018 жылы диплом алдым. Алайда әлі күнге дейін тұрақты қызметте емеспін. Қаржы саласына маман қажет деп естіген бойдан бірнеше мекемеге бардым. Неге екені белгісіз, басшылар сөз арасында көк қағазды әңгіме қылады. Мен келіспеген сыңай танытпағасын қоя береді. Артынша түйіндеме тастап кетуімді өтініп, хабарласамыз деп шығарып салады. Ара-тұра «алма піс, ауызыма түс» деп қол қусырып жатпай, уақытша жұмыстармен айналысамын. Бірақ әлі күнге дейін мен барған орыннан хабар жоқ, – деді. Нұрлыбекпен әңгіме барысында ақша талап еткен басшылардың аты-жөнін білуге тырысып едік, айтудан бас тартты.
Қазір көптеген жас мамандардан «неге бос жүрсің?» деп сұрай қалсаңыз ол үшін ақшаның қажеттігін алға тартады. Рас. Пара беріп тиесілі орындарға орналасып жүргендерді көз көрмесе де, құлақ естіп жүр. Онымен қоса, Бәке, Сәкеңдер ұл-қыздарының жақында оқу бітіріп келетінін айтып, билік басындағы сыбайластарымен байланыс құрып, дер уақытта бос орындар дайындап қояды. Мұның өзі «аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесіннің» керін келтіріп тұр. Соның салдарынан білікті әрі сапалы кадрлар өз мамандығымен жұмыс таба алмай әуре-сарсаңға түседі.
Нарыққа қажет білімді меңгермеудің кесірі сырттан маман жалдатып, өз азаматтарымызды жұмыссыз қалдырып барады. Мұндайда елдегі ірі компанияларды басқарып отырғандардың көпшілігі шетелдің азаматтары екенін көріп өкінеміз. Университетте диплом алуға асыққандар бүгініне шүкіршілік жасап, ертеңіне атүсті қарайды. Шындығында жыламаған бала нансыз қалуы бек мүмкін. Сонымен қатар қазіргі көптеген жастың жұмыссыздықтан түрлі жағдайларға тап болып, тура жолдан тайып бара жатқаны мәселені одан әрі қоюлатып тұр.

Абзал ЖОЛТЕРЕК