Тұрғын үй қатары көбейе түседі
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы бойынша баспанаға мұқтаж азаматтар есепке алу және кезекке қою базасында реттілігімен тіркеледі. Осыған орай мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды беру шарттарына төмендегі санаттағы: Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, “Алтын” мен “Күміс” алқалармен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алғандар. Сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтары да пайдалана алады. Мұнымен қоса халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, тұтынуындағы тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған жандар кіреді.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановтың айтуынша, бүгінгі күні тұрғын үйге мұқтаж 1089 қазалылық тіркелген. Оның ішінде тұрғын үйі апатты деп танылған 11 азамат, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 211 бала, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына 542, 150 көп балалы отбасы, 175 бюджеттік сала қызметкері болып отыр.
Тұрғын үйге мұқтаж жандарды уақытша тұрғынжаймен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы аудандық бюджеттен 10 миллион теңге қаржы бөлінді. Соған ескі аудандық аурухана үйіне жөндеу жүргізілді. А блогы жатақханаға бейімделіп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне алынды. Орталықтандырылған жылу, су, электр және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілді.
– Қазір жатақханада 42 отбасынан 159 адам тұрады. Оның 7-еуі жалғыз басты санатында. Тұрғын үйге мұқтаждар саны артуына байланысты, 2019 жылы аудандық бюджеттен 20 миллион теңге қаралды. Бұл қаражатқа Әйтеке би кентіндегі №204 мектеп маңындағы 5 қабатты ғимараты да жатақханаға сәйкестендірілді.
Өтініш білдірген 108 азаматтың құжаттары мен әлеуметтік жағдайлары тұрғын үй комиссиясы арқылы зерделеніп, 39 тұрғын сонда орналастырылды, – дейді М.Әбсұлтанов.
Өткен жылы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан және аудандық тұрғын үй комиссиясына тиісті құжаттар ұсынылған. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есебінде кезекте тұрғандарға қайта түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде алғашқы кезектілікте тұрған 146 азаматтың құжаты қайта жинақталып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен 25 азаматты Заңның 74 бабы негізінде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебiнен шығару жүзеге асырылды.
2019 жылғы 20 желтоқсанда тұрғын үй комиссиясының отырысы қайта өткізіліп, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға үй беру мәселесі қаралды. Мәжіліске тұрғын үй комиссиясы мүшелерінен басқа аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері, тиісті сала мамандары қатысып, жиналыс бейнебақылау жүйесімен өткізілді.
Комиссия отырысының қорытындысымен Әйтеке би кенті 5 квартал аймағынан салынған 108 пәтерлі 6 тұрғын үйден 23 пәтерді ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 70 пәтер әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыға, 10-ны тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға және 5 пәтерді бюджеттік сала қызметкерлеріне беру туралы шешім қабылданды.
Өткен жылдың 26 желтоқсанында алғашқы салынған 1 тұрғын үйден 18 азаматқа пәтер кілті табысталса, кейін тағы 72 адамға берілді. Қазіргі кезде Е.Көлдекбайұлы көшесі №192 учаскесінде орналасқан 5 көпқабатты тұрғын үйге кезектілікте тұрған 90 адам орналастырылды. Құрылысы аяқталмаған 1 көпқабатты тұрғын үйді осы жылдың сәуір айында кезегі келген пәтерге мұқтаж 18 тұрғынға тапсыру жоспарда бар.
Заңдылықтарға сәйкес жалға берілген тұрғын үйлердің иелерімен келісімшарт жасалуда. Бұл 3 жыл мерзімге дайындалып, кейіннен тағы 3 жылға ұзартылады. Тұрғын үйлерді жалдау құны “Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы” ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сай белгіленді. Яғни әрбір пәтердің шаршы метріне қарай айына 4100-ден 5160 теңге аралығында төлем жүргізіледі.
Аталған тұрғын үйлер “Нұрлы жер” мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер болғандықтан, алғашқы болып жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топ пен көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезектілікке тіркелгендер орналасты. Ал қалған 18 пәтердің тұрғындары жақын уақытта өз баспанасына қол жеткізетін болады.
Айта кетейік, алдағы уақытта тағы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығынан 2 қабатты 12 пәтерлік 12 жалдамалы тұрғын үй құрылысын бастау көзделуде. Оның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген. Бір үйдің жалпы пәтер алаңына бір бөлмелік 4, екі бөлмелік 2, үш бөлмелік 6 пәтер салынбақ. Тұрғын үй орталықтандырылған бу қазандығымен газ отыны арқылы жылытылады.
Сондай-ақ Әйтеке би кентінен 1 қабатты 4 пәтерлік 10 жалдамалы тұрғын үй құрылысы қолға алынады деп күтілуде. Ал «Аймақаш» мөлтек ауданынан салынатын тұрғын үйлер учаскесін инженерлік инфрақұрылыммен қамту, яғни ауызсумен, табиғи газбен, электрмен жабдықтау, жол салу жүзеге асырылады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА