Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 66 жоба жүзеге асырылуда

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 66 жоба жүзеге асырылуда

Жобалар денсаулық сақтау, білім беру, көлік және автожолдар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және басқа да салаларда жүзеге асуда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен аймақ активі және кәсіпкерлерінің кездесуінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев хабарлады.
"Мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында Қызылорда облысы бойынша құны 29 млрд.теңге 66 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 10 жоба бойынша МЖӘ келісім-шарты жасалды", - деп хабарлады облыс әкімі.
Айта кету керек, өңірде кәсіпкерлер салған 400-ге жуық балабақша бар.
"Облыс бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған 394 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. 2015 жылы біз 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтамасыз етіп, елімізде алғашқы болып "Балапан" бағдарламасын жүзеге асырдық. Қазіргі кезде аймақтағы балабақшалардың 71% мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жұмыс жасауда. Соңғы 5 жылда олардың саны 2 есеге өсті. Осылайша, біз бюджетті босатып, қаражатты басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттап келеміз", - деді Қырымбек Көшербаев.
Өз кезегінде, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысы алғашқылардың бірі болып мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаларды жүзеге асыруды бастағанын және аймақтың тәжірибесі өте табысты болғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қызылорда облысына іс-сапармен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметтік делегация келді. Құрамында ҚР ҚР Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысы, Инвестиция және даму, Ұлттық экономика, Ақпарат және коммуникация министрлері, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компания және даму институттарының басшылары бар.
Сапар барысында Бақытжан Сағынтаев және делегация өкілдері облыс активі және кәсіпкерлері, сонымен бірге әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. "Қараөзек" газкомпрессорлы стансасында болып, Арал ауданындағы "Аралтұз" АҚ және балық өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты. Осында қоғам өкілдерімен кездесу өтіп, Солтүстік Арал жобасын іске асыру, суармалы жерлер және ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында шағын несие беруге байланысты сауалдарды талқылады. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы және ғарыш кешенінің жұмысымен танысты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.





29 наурыз 2018 ж. 1 535 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031