Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бизнестің өрісті жолы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бизнестің өрісті жолы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы 2015 жылдың 31 қазанында қабылданып, соған сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық саласында жүзеге асырылып жатыр.
Қазіргі таңда бұл механизмге аймақ басшысы да басымдық беріп отыр. Бұл республикалық-аудандық бюджеттен бөлінген қаржылардан бөлек, ауданның өзекті проблемалық мәселелерін шешудің бірден-бір тетігі болып табылады.
Осы орайда аудан әкімдігінд мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы жиналыс өтті. Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев төрағалық еткен жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы Серік Жұматов және облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры Бағдат Каленов «Спорт саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы» хабардар етті.
Күн тәртібіндегі мәселе – мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселесі жан-жақты талқыланады.
Қазіргі таңда ауданымызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде іске асырылатын 2 жоба бар. Оның біріншісі Өркендеу ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу. Қазір келісімшартқа отырылды. Жұмыс сәуір айында басталады. Ал, екінші аудандық ауруханаға «ангиограф» құрылғысын орнату арқылы орталық ашу жоспарланып отыр. Бұл қондырғы жедел және сапалы ота жасауға септігін тигізіп, Қазалыдан бөлек, көршілес Қармақшы, Арал аудандары мен Байқоңыр қаласы тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
«Құрылғының жалпы құны жобамен 400 млн теңге. Ауданымыздан осындай орталықтың ашылуына себеп болып отырған Астана қаласының жеке инвесторы. Жоба осы жылдың мамыр айында іске асырылады деп күтілуде», – дейді аудан басшылығы.
Бұдан бөлек, облысқа Әйтеке би кентінен денешынықтыру-сауықтыру кешенін арендаға беру және Әйтеке би кентінен мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы балабақша ашу жобасы ұсынылып отыр. Жобаны ұсынушы аудандық денешықтыру және спорт бөлімі мен «Рауан» инклюзивті білім беру орталығының меңгерушісі Қ.Дәулетиярқызы.
Мәліметтерге сүйенсек, жеке кәсіпкердің спорт ғимараты үшін салынған нысанын арендаға алуға байланысты ғимарат құжаттары, кәсіпкер туралы мәліметтер облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына ұсынылған. Қаңтар айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкері ауданда іссапарда болып, ғимараттың жарамдылығын көрген. Рұқсат берілген жағдайда жеке кәсіпкер ғимаратын денешынықтыру-сауықтыру кешені етіп барлық талапқа сай жабдықтап, ұзақ мерзімге арендаға беретін болады. Денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасаған жағдайда аудандағы мүмкіндігі шектеулі адамдар шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, теннис, жалпы дайындықпен тегін айналысады. Бұл топтарға барлығы 140 адам қатыса алады. Оларға 2 спорт нұсқаушысы қызмет көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы балабақша ғимаратын жеке әріптес барлық талаптарға сай етіп жабдықтайды. Мемлекет тарапынан кәсіпкерге осы қызметі үшін келісімшартқа сәйкес белгіленген мөлшерде қолдау көрсетілетін болады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
09 ақпан 2018 ж. 2 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930