Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 мың адамды тексердік! Бекшин Қытаймен арадағы шекарада не болып жатқанын айтты

13 мың адамды тексердік! Бекшин Қытаймен арадағы шекарада не болып жатқанын айтты

Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Нұр-Сұлтандағы арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин айтты.


- Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тәулік бойы байланысқа шығып, жағдайды үнемі қадағалап отырмыз. Шекарадағы бақылауды күшейттік. Ең алдымен, біз Қытайдан келгендердің барлығын қашықтықтан термометрлік бақылау жұмысын күшейттік. Қазақстанда Алматыға Қытайдың бес қаласынан адамдар келіп жатыр, сол секілді Нұр-Сұлтан қаласына үш қаладан келеді. Барлық өткізу жолдары бақылауда, соның ішінде Қытаймен шектесетін теміржол, автомобиль жолдары бойында санитарлық-карантиндік бекеттер бар, олар қашықтықтан термометриялық тексеру жүргізеді, - деді Бекшин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 13 мыңға жуық адам мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде тексерілген, Қытайдан келгендер арасында дене қызуы көтерілген және ауру белгілері анықталған адамдар тіркелген жоқ.

- Бүгін біз Қытайдан ыстығы көтерілген науқастарды тіркеген жоқпыз, бірақ жіті бақылау әлі жүргізілуде, - деді Бекшин.

24 қаңтарда "Нұр-Сұлтан" және "Алматы" әуежайларында коронавирустық инфекцияға күдік бар науқасты анықтау жағдайында ведомствоаралық жаттығулар өткізу жоспарлануда.
23 қаңтар 2020 ж. 781 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 48

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 82

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 133

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031