Шәкірттердің мерекелік шыршасы
Жыл сайынғы дәстүр бойынша ұйымдастырылған аудан әкімінің шыршасы биыл Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өтті. Бұл той-думанға ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және дарынды, оқуда озат оқушылар қатысты.
Жиналған бүлдіршіндердің жүздерінен шынайы қуаныш көрінді. Әртүрлі ертегі кейіпкерлері мен қаһармандар кейпінде киінген олар ойыншық пен шамдар ілінген шыршаны айнала ән айтып, мерекенің көркін келтірді.
Кеш жүргізушілері ауданның Жастар жылындағы жетістіктерін шолып өтіп, биылғы жылдың өңір үшін өте жемісті болғанын тілге тиек етті.
Содан кейін кеш қонақтары үшін жаңа жылдық тосын сый ретінде ертегілік қойылым көрсетіліп, балалар мәре-сәре күйге бөленді.
Мерекелік бағдарлама әрі қарай ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға жалғасты. Барлық қатысушылар Аяз атамен бірге ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды «Шырша жырымен» қарсы алды.
Бүлдіршіндермен бірге жүрген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөзінде:
– Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 2019 жыл біздің аудан үшін жемісті, табысты жыл болды. Себебі осы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан аудан оқушыларының 98 проценті жоғары оқу орнының студенті атанған. Бұл ең алдымен білікті ұстаздардың еңбегі деп білемін. Осы шырша мейрамына ауданның үздік оқушылары қатысып отыр. Өткен жылы дарынды оқушылар 750-ден астам олимпиада, байқауларға қатысып, соның жартысында жеңімпаз атанған. Жақсы білім алу бағытында сіздерге барлық жағдай жасалған. Тек сол мүмкіндікті пайдаланып, өз бойыңыздағы дарын-қабілеттеріңізді дамытуға тырысыңыздар. Аудандағы білім сапасының жоғары екені баршаға мәлім. Сол себепті біз сіздерге көп үміт артамыз. Ауданның кемел келешегін қалыптастыратын өздеріңіз. Жаңа жыл құтты болсын! – деген ақжарма тілегін жеткізді.
Мұнан соң барлық бүлдіршінге аудан басшысының арнайы сыйлығы таратылды. Балалар аудан әкіміне шыршаны айнала жүріп, рахметін жеткізді.
Аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған торты ортаға әкелінді.
Шәкірттердің шырша тойында жас өнерпаздар өнер көрсетті. Барлық қатысушылар мерекелік кештен кейін арнайы дастарқанға жайғасты.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ