Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда аудан әкімінің шыршасы өтті

Қазалыда аудан әкімінің шыршасы өтті

Әсерлі қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын балалардың дәстүрлі тойы-думаны Қазалы ауданында биыл да ерекше мағынада өтті. Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына барлық мектептерінен жиналған елу үздік оқушы қатысты.
Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын, балалар үшін барлық жағдайлар жасалып, мектеп, балабақша, денсаулық, спорт нысандары салынып жатқандығын айтты.

«Ескі жыл еліміз үшін мерейлі белестер жылы болды. Барлық салада да өсіп, өркендеу бар. Сіздердің барлықтарыңыздың биыл жақсы нәтиже көрсеткендеріңізді білемін. Өйткені бұл шыршаға тек белсенді әрі талантты балалар ғана шақырылады. Сіздер жыл бойы жақсы бағалар алып, түрлі конкурстар мен жарыстарда жеңіске жеттіңіздер. Мен осы үшін өте қуаныштымын.
Біздің еліміздің мақсаты — Мәңгілік ел болу, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеруге ұмтылуымыз керек.
Аға буын, соның ішінде сіздердің ата-аналарыңыз нақ соған және Қазақстан жастарының игілігі үшін жұмыла еңбек етуде.Сіздер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар.
Бүгінгі жүзеге асырылып жатқан игіліктердің барлығы тек сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалуда. Жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалардың саны артып келеді», – деді аудан басшысының орынбасары.
Әкім шыршасында Аяз ата, Ақша қар мен Қыс ханшайымы сынды мифтік кейіпкерлер жиналғандардың көңілін серпілтті. Шырша тойы әртүрлі кейіпкерлер қатысқан музыкалық композициямен өріліп, думанға айналды. Сахна төрінде әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар орындалды. Мерекелік кешке қатысушылардың барлығы да халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.
Жаңа жылдық кеште оқушыларға мерекелік сыйлық ретінде ұялы телефон табыс етті. Концерттік бағдарламадан кейін балалар мерекелік дастарқан басына жайғасып, аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
28 желтоқсан 2018 ж. 2 018 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930