Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері студенттердің 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі. Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі", - деді Білім және ғылым министрлігіндегілер. Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын. "Бүгінде өзекті мәселелердің бірі ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру екенін біледім. Бұл мәселе сол күйі назардан тыс қалды, 2016 жылдан бері шәкіртақы өскен жоқ. Оған себептер бар. Сондықтан да студенттерді қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқитын жалпы саны 133 мың студенттің шәкіртақысы 25 пайызға өсіруді тапсырамын", - деген еді Тоқаев.
12 желтоқсан 2019 ж. 834 0

Сазгер кеші

01 маусым 2025 ж. 111

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30