Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар кәсіпкерлер ортасында

Оқушылар кәсіпкерлер ортасында

Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі Қ.Пірімов ауылындағы №92 мектептің оқушыларына арнап аудандағы кәсіпкерлік нысандарына экскурсия ұйымдастырып, аталған саланың қыр-сырымен таныстырды. Бұл шара олардың болашақта таңдайтын кәсібіне бағдар беруге бағытталды.

№92 мектеп оқушылары алдымен «Нұр Әлем» сауда орталығындағы жас кәсіпкер Г.Билсариеваның сән үйі және Т.Дәрібаеваның сұлулық салоны жұмыстарымен танысты. Кәсіпкерлердің өз ісін қалай бастағандары, жеткен жетістіктері және қыз-келіншектерге арналған сәнді көйлектерді тігу мен сұлулық салонында көрсетілетін қызмет түрлерін іс жүзінде тамашалады.
Сонымен бірге жеке кәсіпкер М.Бекарыстановтың темір бұйымдарын жасайтын цехы мен Е.Алданазаровтың өндірістік аймақта орналасқан «Тамшы Су» ауызсу өндіретін цехын аралап, көңілде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Кәсіпкерлер өмірімен танысқан шәкірттер экскурсияны ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
«Экскурсияға барғаныма қуаныштымын, бастысы – уақытым зая кеткен жоқ. Бұрын кәсіпкерлерді сырттай білуші едім, бүгін олардың жұмысын өз көзіммен көрудің сәті түсті. Бізге осындай мүмкіндік жасаған мектеп директоры Баян Ниязоваға рақмет айтамын», – дейді 9 сынып оқушысы Кәмшат Нұралиева.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
07 желтоқсан 2019 ж. 877 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930