Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай құс 2020 жылдың символы болады?

Қандай құс 2020 жылдың символы болады?

Алдағы жаңа жылдың символы болатын құс таңдалды. Бұл туралы altaynews.kz жазды.

2020 жылдың нышаны болатын құс – ителгі. Мұны Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесіп таңдады.
Жыл құсын таңдау кезінде ителгімен қатар, тазқара мен қоқиқаз да ұсынылған.
Ителгі жыртқыш құстар тобына жатады. Ол солтүстіктегі далалы жерден бөлек, Қазақстанның барлық аумағында кездеседі. Көбіне Маңғыстау, Үстірт және Сарыарқаның жатаған тауларын мекендейді. Алтай, Хан Тәңірі тауларының бөктерін қыстайды. Ителгі 90-жылдары браконьерлердің араб елдеріне сатуы салдарынан сиреп кетті. Арабтар ителгіні саятшылыққа ұстайды. Сарапшылардың анықтауынша, қазір елімізде бірнеше жүз ителгі жұбы ұя салады, - делінген қауымдастық сайтында.
Жыл құсын таңдаудағы мақсат – халықтың назарын құстарға аудару, табиғатты қорғауға үндеу шараларын өткізу.
Айта кетейік, биылғы жылдың (2019) символы – дуадақ.
06 желтоқсан 2019 ж. 2 095 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031