Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы апат туралы тың дерек шықты

Қызылордадағы апат туралы тың дерек шықты

Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам жан тапсырды. Тағы 13 жолаушы хал үстінде жатыр.

Зардап шеккендердің барлығы вахталық тәсілмен жұмыс істеген мұнайшылар. Ажалдан аман қалғандардың айтуынша, автобус апатқа ұшыраған сәтте жолаушылар түгел ұйқыда болған. Көктайғақ жолдан басқа есте ештеңе қалған жоқ дейді зардап шеккендер.

«Түнде білмейміз ғой, арамызда ұйықтап кеткендер болады. Не жағдай болғанын білмеймін, жол көктайғақ еді. Кейін түсіп жолды ұстап көрсек, көктайғақ екен, сырғанап тұр. Басқа ештеңе есімде жоқ», - деді зардап шегушілердің бірі.

Автобуста 36 жолаушы болған. Олар Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан облысының тұрғындары.

Автобус көктайғақтан апатқа ұшыраған деген болжам бар. Алайда көліктің техникалық ахуалы да күдік тудырып отыр.

Тайғақ жолда аударылып қалған ввтобус биыл наурыз айында соңғы рет техникалық байқаудан өткені белгілі болды. Бірақ ережеге сәйкес, бұл тектес транспорттар алты ай сайын тексерілуі тиіс. Яғни мұнайшылар мінген көліктің техникалық жағдайы қыркүйекте анықталу қажет болған. Алайда  көліктік қадағалау инспекциясының ортақ мәліметтер базасынан оның тексерістен өткені жөнінде әзірге мәлімет табылмады.

Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ болатынын ескерттік деп отыр. Қазір оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейнігі тергеу басталды.
04 желтоқсан 2019 ж. 893 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 160

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031