Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда республикалық «халық заңгері» акциясы өтті

Қазалыда республикалық «халық заңгері» акциясы өтті

Жұма күні еліміздің барлық қалаларында бір уақытта «Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық науқан өтті.

Тұрғындардың сауалдарына адвокаттар, заңгерлер және мемлекет өкілдері заң төңірегінде жауап беріп, заң саласында бағыт-бағдар көрсетті.
Республикалық «Халық заңгері» акциясы Қазалы ауданында да ұйымдастырылды.
Әйтеке би кенттік клубында өткен акция барысында мемлекеттік органдар өкілдері аудан көлеміндегі бақылау-қадағалау, құқық қорғау, денсаулық, білім, ауылшаруашылығы, тұрғын үй, жер қатынастары, кірістер, халыққа қызмет көрсету салаларына қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдады.
Аудан тұрғындары негізіненнәтижелі жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, алимент өндіру, т.б. мәселелермен көмекке жүгінді.
Айта кетейік, республикалық акцияның өтуіне zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі мұрындық болды. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары бірауыздан қолдады.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
24 қараша 2019 ж. 1 143 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 153

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031