Ардагерлер ауызбіршілігі

– Қазір өз отбасымен қатар қоғамның да жайын ойлайтын ардагерлер қатары көбейіп келеді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов бастаған бірлестік мүшелері айналаны көркейтіп, көгалдандыру мақсатында сенбілік ұйымдастырдық. Қариялар бас қосатын ардагерлер үйі 2014 жылы кәсіпкерлердің қолдауымен салынған. Содан бері ауласын абаттандыру жұмысы ұдайы жүргізіліп тұрады. Мұнда қаратал, теректен басқа отызға жуық әдемілікке арналған ағаш пен туя, алма, шие, өрік, алмұрт бар, – дейді байырғы медицина қызметкері Сержанқожа Берденұлы.
Сол күні Байғабыл Әбсұлтанов, Сәуле Оспанова, Жайылхан Оразымбетов, Ұлдай Рашева, Нағима Түктібаева, Аққоян Рсалиев, Шарбат Рақымбекова, Кемал Аманов, Сұлтан Жұмамұрат, Тәуекел Бисенбаев және тағы басқа да зейнеткерлер ардагерлер үйінің ауласын тазалап, көгалдандыруға біркісідей атсалысты.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ