Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды.

Жалаңтөс батыр ауылының мәдениет үйінде діни ағымдардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. 
Кездесу барысында жақында тағайындалған Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша бөлім меңгерушісі Демесбай Талғат Маратұлын Жалаңтөс батыр ауылының тұрғындарына таныстырып өтті. 
Сонымен бірге, ауыл тұрғындарына «Сирия және қасіреттік күндер» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, интернет желісі арқылы діни білім алудың қауіптілігі туралы айтылды. 
Шын мәнінде, қазіргі кезде ғаламтор тым қол жетімді. Мектеп қабырғасындағы әрбір баланың қолында смартфон, жеке әлеуметтік парақшалары бар. Құрбы-құрдастарымен, ақпарат алмасып, байланыс орнатып тұратыны жасырын емес. Интернеттің қол жетімді болғаны соншалық, кез-келген қажет ақпаратыңды оңай тауып алуға болады. Дей тұрғанымен, интернетке жүктелген ақпараттың қаншалықты дұрыс екендігіне көз жеткізу қиын. 
Негізінде, «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген даналық сөзге сәйкес көкейде туындаған кез келген мәселені арнайы маманның көмегіне жүгіну қажет!
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 қазан 2019 ж. 768 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930