Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі аралықтың қосылуы елеулі жұмыстарды жүзеге асырады

Екі аралықтың қосылуы елеулі жұмыстарды жүзеге асырады

Аудан әкімдігінде аудандық мәслихат депутаттары, мекеме және кәсіпорын басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының тұрғындарының қатысуымен Қазалы қаласының Әйтеке би кентімен біріктірілген бас жоспарына байланысты қоғамдық тыңдалым өткізілді.

Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай өз сөзінде Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығын қосуға орай атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімдеді.

Бүгінде аталмыш орындағы барлығы 441 гектар жер учаскесіне инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, тұрғындарға табысталуда. Бұдан бөлек, елді мекеннің болашақта даму бағыттарын айқындау мақсатында біріктірілген бас жоспар әзірлеу ісі қолға алынған. Осы мақсатта аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, «Казгипроград 1» Жобалау институтымен келісімшарт жасалған.

Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр және тамыз айларында бұл мәселеге орай жобалаушы мекеменің қатысуымен өткізілген мәжілісте айтылған ұсыныс, ескертпелер назардан тыс қалмай, жобалық материалдар келісім алуға ұсынылған.

Бас жоспарды әзірлеу бойынша жобалық жұмыстардың жүру кезеңі мен ерекшеліктері туралы «Казгипроград 1» Жобалау институты» ЖШС директорының орынбасары Ілияс Темірбаев жеткізсе, қабылданған жобалық шешімдер туралы Олжас Боранбай айтып берді.

Кездесуге келген тұрғындар тақырыпқа қатысты өз ой-пікірлерін жеткізіп, ұсыныстарымен бөлісті.
Ғалымжан Бақтығалиұлы мамандарға тұрғындар талабын ескеріп, тиісті мемлекеттік мекемелерге келісімге жолдауды тапсырды. Жұмыстардың тиісті уақытта жүзеге асырылуына атсалысуға шақырды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

01 қазан 2019 ж. 1 555 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930