Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды

Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға 5-6 жастан бастап еш кедергісіз, тіпті ата-анасының келісімінсіз, верификациясыз тіркеле алады. Осылайша ол кез келген контентке қол жеткізе алады.
"Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Аустралияда тіркелуге рұқсат жасы - 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге ата-анасының расталған келісімімен ғана тіркеле алады", - деді ол.
Депутат осы мәселеге орай жауапты министрліктердің өкілдерінің пікірін сұрады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда қатаң шектеулер енгізу жоспарланып отырмағанын, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
12 қараша 2025 ж. 226 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 123

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930