Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ұят нәрсе": Роза Рымбаева қалың малға қарсы екенін айтты

"Ұят нәрсе": Роза Рымбаева қалың малға қарсы екенін айтты

Роза Рымбаева қалың малға ақша сұрауға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасы.


Қазақстанның халық әртісі қалың малға ақша сұрау ескіліктің ісі деп есептейді. Ол қызыма мынанша ақша бересің деп, оны сату ұят нәрсе екенін айтып ашынған. Осылайша өнер иесі қалың малға қарсы екенін байқатты. Сонымен қатар, өнер иесі ата-бабаларымыздың қандай мақсатпен қалың мал алғанын айтып берді. 

"Менің қызыма мынаншама дүние әкел деген ұят нәрсе. Кезінде ата-бабамыз өзінің жағдайын түзеу үшін кедей байқұс байға сатқан. Өзінің жағдайын жасау үшін мал алған", - дейді Роза Рымбаева. 

Дегенмен, Роза Рымбаеваның сахнадағы әріптесі Өктем Алтаевтың ойы тіпті басқа. Ол қалың мал алып, қыз жақ байып кетпейді, өйткені, қанша қалың мал алсаң, соншалықты жасау апарасың деп отыр. Өнер иесінің пікірінше қыз ұзату ұлға әйел алып беруден әлде қайда қиын әрі жауапкершілігі мол жұмыс. 

"Қалың мал деген қыз сату емес. Оның ақшасын аласың да, қыздың өзіне жасау жасап апарасың. Керісінше үстіне қосып апарасың. Келін түсіргеннен қыз ұзатқан қиын", - дейді Өктем Алтаев. 
06 қыркүйек 2019 ж. 1 400 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 228

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 127

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031