Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздар біліктілігімен бөлісті

Ұстаздар біліктілігімен бөлісті

Қаңтар айының 26 күні 266 мектеп-лицейде «Шабыт» желілік қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тәжірибе алаңы – 2018» сайысы өтті.
Шарада сөз алған «Шабыт» желілік қауымдастығының жетекшісі, білікті тренер Алтынкүл Айкожаева аталмыш сайыстың мән-маңызына тоқталып, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.
Ұстаз тәжірибесі сынға түсетін сайысқа мұғалімдерден құралған 5 топ бақтарын сынады. Жарыстың алғашқы кезеңінде топтар өздерін домбыра арқылы таныстырып, тағы 4 кезең бойынша өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында оқу ордасының қазақ тілі пәні мұғалімі Назима Әлиева қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша «Нұрлы Мад» командасы бас жүлдені иеленді. Бірінші орынды «Қайсар» қанжығаласа, «Супер апайлар» екінші орынға лайық деп танылды. Ал, «Болашақ» және «Ақжелкен» топтары үшінші орынды місе тұтты.
Айта кету керек, аталмыш сайыс зейнет жасына жақын білікті ұстаздардың қатысуымен ерекшеленді. Тәжірибесі мол, білім ісінің үздік үлгісін көрсетіп келе жатқан мұғалімдер өздерінің белсенділігімен көпшілікті тәнті етті.
Жарқынгүл Махсутова.
31 қаңтар 2018 ж. 1 564 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 213

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930