Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытын іздеуші аруға...

Бақытын іздеуші аруға...

Ойына алып өр намыс, асқан арды,
Бір жас ару жанарын жасқа малды...
Саған берік адамдар қайдан болсын,
Маған келіп айтасың басқа адамды.

Өрісі кең болған соң өнегеңнің,
Бар ойыңды бақытқа бөлегенмін.
Сенің Жібек екенің белгілі ғой,
Дегенмен, Бекежан кім, Төлеген кім?

Уайымсыз-ақ бітірер уақыт ісін,
Жаныңды ұққан жандарға жаһұт ұсын.
Бақыты үшін Төлеген өлмеп пе еді,
Бекежан да өлтірді бақыты үшін.

Сезім сана сыйламас пенделерге,
Сенім серік болмайды сенбегенге.
Уақыт құртып қайтеміз табылғанға,
Бақыт іздеп жүрміз ғой сен де, мен де.

Сабырлы адам сынбайды, сынға налып,
Сен тау болсаң, шыңдарға жырла барып.
Бізге бақыт беретін жанды іздедік,
Басқалардың бақытын ұрлап алып.
Қорқауларға жүріп-ақ батыл қарай,
Ақымақтар болады ақылға бай.
Арманына жеткендей ажарлы ғой,
Ай да Күнге бір адым жақындамай.

Кенде емеспін көктемде мен лебізге,
Көңілсіздік танытпа сен де күзде.
Ай емес, Адамсың ғой, бақытыңды
Аспанға қарай бермей, жерден ізде!
Елнұр НҰРҚАСЫМ,
Ғ.Мұратбаев ауылы
08 желтоқсан 2018 ж. 1 143 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 181

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031