Қазақстанның машина жасау саласы қалай дамып келеді
Мәжіліс депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пшембаев отандық машина жасау саласының қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жылмен салыстырғанда, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша машина жасауда өндіріс 17,2 пайызға өскені байқалды», - деп тоқталды М. Пшембаев Үкімет үйінде өткен брифингте. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде автомобиль жасау, техникалық машина жасау, аккумуляторлар өндіру, мұнай-газ саласына түрлі құрамдауыштарды шығару, ауыл шаруашылығы техникасын шығару секілді салаларда оңтайлы көрсеткіштер бар. «Жалпы, биыл Қазақстанның машина жасау саласы өндіріс көлемін триллион теңден асырып түседі деген болжам бар. Яғни табысты нәтижелер бар болғандықтан, сала аталған көрсеткіштермен шектеліп қалмайды. Біздің мақсат - өндіріс көлемін ары қарай арттыра түсу», - деді Мейрам Пшембаев.
inform.kz