Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ирандық күріш сорты егіледі

Қызылордада ирандық күріш сорты егіледі

Сыр өңірінде ирандық күріш сорттары сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын жергілікті диқандар «Торем Хошеми» сұрпын сынақтан өткізген еді. Ол жергілікті жердің топырағы мен климатына сәйкес келетінін көрсетті. Үстіміздегі жылы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылындағы «Ақтөбе және К» ЖШС биыл 500 гектарға ирандық «Торем Хошеми» сұрпын егуді қолға алды. Серіктестік диқандар күріштің бұл сортын былтырдан бастап сынақтан өткізді. Алғашқыда бар-жоғы 2 гектарға егілген сұрып былтыр 70 гектарға артқан. Өнімді Иран еліне экспорттауға жол ашылды. «Биыл «Торем Хошеми» сұрпын үшінші жыл зерттеп жатырмыз. Барлығы сұраныстағы сорттар. Тиімді болса, көбейтеміз. Таром-хошеми өз тиімділігін дәлелдеді», - деді Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры Серікбай Өмірзақов. Сондай-ақ, аталмыш сұрып тәрізді ирандық күріштің төрт сорты зерттелуде. Тиімділігі анықталған жағдайда аймақтағы шаруашылықтар оның өнімділігіне мән береді. Мамандардың айтуынша, Иранда күріштің бағасы біздікінен 10 еседей қымбат. Иран елі жылына 3 миллион тонна ақ күрішті сырттан сатып алады. Соның 1 миллион тоннасын қызылордалық диқандардың дайындап беруге мүмкіндігі бар.  

06 қыркүйек 2018 ж. 2 368 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930