Депозиттегі ақшасын шетелдік валютада сақтайтын қазақстандықтар саны артты
Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиті 5,5 трлн теңгеге жетті.
Шетел валютасындағы депозиттің жалпы жеке тұлғалар депозитіндегі үлесі 30%-дан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Шетел валютасындағы депозиттің жалпы жеке тұлғалар депозитіндегі үлесі 30%-дан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде шетел валютасындағы депозиттің осындай елеулі үлесі олардың салыстырмалы түрде төмен кірістілігіне қарамастан сақталып отырғанын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасы шеңберінде ел банктеріндегі шетел валютасындағы депозиттің сыйақы мөлшерлесі жылдық 1%-дан аспауға тиіс.
Депозиттің өзектілігі бірнеше факторларға байланысты. Мәселен, ұлттық валюта айтарлықтай әлсіреген жағдайда шетел валютасындағы инвестиция ақшаның құннын жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, валюталық депозит инвестициялық портфельді әртараптандыру құралдарының бірі.
"Валюталық депозиттен басқа, Қазақстанның кейбір банктері инвестициялаудың басқа да тартымды құралдарын ұсынады. Мәселен, еуропалық Home Credit Bank жылдық 7% кірістілік мөлшерлемесі өте жоғары АҚШ долларымен облигация ұсынады. Мұндай облигацияларды банктің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде еш қиындықсыз сатып алуға болады. Брокерлік компанияға бөлек жүгінудің және қызметтер үшін комиссия төлеудің қажеті жоқ, Сіз банктің қосымшасын жүктеп алып, облигацияны комиссиясыз сатып ала аласыз. Бұл банктің кез-келген филиалында да бар", портал мәліметінде.
Жалпы, облигация сенімді және қауіпсіз инвестиция құралдарының бірі. Егер қарапайым сөзбен айтсақ, онда инвестор (облигацияны сатып алушы) банкке қарызға ақша береді, ал банк өз кезегінде салынған ақша мен сыйақыны белгіленген уақытта төлеуге міндетті.