Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кері байланыс: депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі туралы

Кері байланыс: депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі туралы

«Fingramota Online» мобильдік қосымшасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған негізгі байланыс арналарының бірі болып табылады. Осы мессенджер арқылы 2023 жылдың басынан бастап пайдаланушылардың 1 мыңнан астам сұрағы өңделді, іске қосылған сәттен бастап барлығы 6,8 мыңнан астам сұрақ түсті. 2023 жылдың 1 тоқсанында депозиттерге кепілдік беруге қатысты мәселелер өзекті болды.
Fingramota.kz депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі туралы ең өзекті сұрақ-жауаптар топтамасын сіздердің назарыңызға ұсынады.
Шетел азаматы болып табылатын салымшының депозиттеріне кепілдік беріле ме?
Кепілдік өтемді төлеу салымшының азаматтығына қарамастан, Қазақстан банктерінде және шетелдік банктердің филиалдарында орналастырылған салымдар бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ислам банктерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ашылған шетелдік ислам банктерінің филиалдарында орналастырылған депозиттерге «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-та (бұдан әрі – ҚДКҚ) кепілдік берілмейтінін есте ұстаған жөн. 
Ең қолайлы депозитті қалай таңдауға болады, олардың айырмашылығы неде?
Бүгінгі күні банктердің депозиттік желісі депозиттердің мынадай түрлерін ұсынады:
1) теңгемен жинақ депозиті – белгілі бір мерзімге ашылатын және мерзімінен бұрын алу бойынша бірқатар шектеулері бар кепілдік сомасы жоғары депозиттің ерекше түрі.
Жинақ депозиті бойынша ақшаны ішінара алуға рұқсат етілмейді. Салымның барлық сомасын мерзімінен бұрын алып қоюға болады, бірақ бұл жағдайда салымшы өзінің ниеті туралы Банкті күнтізбелік 30 күн бұрын хабардар етуге тиіс, ал сыйақы талап етілгенге дейінгі депозит мөлшерлемесі бойынша төленетін болады, яғни 0,1%-дан аспайды;
2) теңгемен мерзімді депозит – мерзімінен бұрын алып қойғаны үшін сыйақының бір бөлігін жоғалтатын, белгілі бір мерзімге ашылатын депозит.
Жинақ немесе мерзімді депозиттер қомақты мөлшерде зат сатып алу үшін ақша жинайтын немесе олардың жоғары кірістілігіне байланысты ұзақ мерзімді мақсаттарға ақша жинайтын салымшылар үшін қолайлы. Салымшы салымды ашатын мерзімге оған бұл ақша қажет болмайтынына сенімді болуы керек;
3) теңгемен мерзімді емес депозит – сыйақыны жоғалтпай (төмендетілмейтін қалдық шегінде) кез келген ыңғайлы уақытта толықтыруға және алуға болатын мобильді депозит.
Ол бойынша сыйақы мөлшерлемесі көбінесе салым мерзіміне байланысты емес. Егер сіз күтпеген шығыстар үшін қаржылық «қауіпсіздік жастықшасын» жасағыңыз келсе, бұл депозит ыңғайлы, бірақ сонымен бірге кез келген уақытта ақша алу мүмкіндігі маңызды;
4) шетел валютасымен депозит – шетел валютасында ашылады және депозиттердің барлық түрлерінің ішінде ең төменгі кірістілікке ие.
Егер сіздің шетел валютасында кірісіңіз болса, мысалы, демалысқа немесе шетелде оқуға ақша жинасаңыз, осындай депозит ыңғайлы болады.  
Жеке тұлғалардың депозиттеріне қандай мөлшерде кепілдік беріледі?
ҚДКҚ салымшыда түрлері мен валютасы бойынша әр түрлі бірнеше депозиті, оның ішінде теңгедегі жинақ салымы болған кезде депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиынтығында 20 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде депозиттер бойынша өтемақы жүргізеді.
Депозиттер түрі бойынша белгіленген кепілдіктің ең жоғары сомасы:
• ұлттық валютамен жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 20 миллион теңгені;
• теңгемен депозиттердің басқа түрлері бойынша, оның ішінде карточкалар мен шоттар бойынша 10 миллион теңгені;
• шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 миллион теңгені (қатысушы банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада) құрайды.
Кепілдік берілген өтемнің ең жоғары сомасынан асатын депозиттің қалдығын салымшы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кезектілік тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алуға құқылы.
Осылайша, мысалы, қатысушы банк барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылған жағдайда:
1)  есептелген сыйақы сомасын қоса алғанда, қатысушы банкте орналастырылған 25 миллион теңге мөлшеріндегі теңгемен жинақ салымына ҚДКҚ-ның тек 20 миллион теңге сомасындағы кепілдігі (яғни, депозиттің осы түрі бойынша белгіленген кепілдіктің ең жоғары сомасына) берілетін болады. 20 миллион теңгеден асатын қалған бөлігіне, яғни 5 миллион теңгеге ҚДКҚ кепілдік бермейді. Бұл сома кезек тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алынуы мүмкін;
2)  ол бойынша есептелген сыйақы сомасын қоса алғанда, теңгемен мерзімсіз депозитке барлық сомаға жиынтығында 10 миллион теңге мөлшерінде ҚДКҚ-ның кепілдігі беріледі, өйткені ол салымның осы санаты бойынша ҚДКҚ өтей алатын сома шегінде болады;
3)  АҚШ долларымен карточкалық шоттағы 8 миллион теңге мөлшердегі қалдыққа (қатысушы банкті лицензиядан айыру күніне нарықтық бағам бойынша) ҚДКҚ-ның кепілдігі тек 5 миллион теңге мөлшердегі сомаға яғни депозиттің осы түрі бойынша белгіленген кепілдіктің ең жоғары сомасына) беріледі. Қалған 3 миллион теңгеге ҚДКҚ-ның кепілдігі берілмейді. Бұл сома банктің тарату комиссиясынан кезек тәртібімен алынуы мүмкін;
4)   егер салымшы бір банкте  жоғарыда 1-3-тармақта атап көрсетілген  барлық депозиттердің иесі болып табылса, онда кепілдіктің жиынтық сомасы тек 20 миллион теңгені құрайды. Қалған сома кезек тәртібімен банктің тарату комиссиясынан алынуы мүмкін.
ҚДКҚ кепілдіктері қандай қаржы құралдарына қолданылады?
ҚДКҚ кепілдіктері мыналарға:
•        салымдар (депозиттер), олардың ішінде талап етілгенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер, тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесіндегі салымдар мен мемлекет тарапынан сыйлықақы берілетін   AQYL білім беру салымдары;
•        салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар, олардың ішінде капиталдандырылған және қатысушы банкті барлық банктік операцияларын  жүргізуге лицензиясынан айыру күніне есептелген сыйақылар;
•        ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаларға қолданылады.
ҚДКҚ кепілдіктері мыналарға:
•        жеке тұлғалардың металл шоттары;
•        банк ұяшықтарына орналастырылған ақшалар мен құнды заттар;
•        депозиттік сертификаттар;
•        заңды тұлғалардың депозиттері;
•        ислам банктерінде, оның ішінде шетелдік ислам банктерінің Қазақстан аумағында ашылған филиалдарында орналасқан
депозиттерге қолданылмайды.




30 мамыр 2023 ж. 219 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031