Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өскен

Биыл қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өскен

12 шілде күні үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өсіп, 55,8 млрд доллар болғанын баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Экспорт 31,6 млрд. долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд. долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд. долларды құрады. Жалпы оң сауда балансы 7,4 млрд. долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,5%-ке өсті", - деп баяндады министр.
Көрсеткіш өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,8%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,1%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 34,9%-ке өсуі қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 5,3%, мұнай өңдеу өнімдері – 1,9%, құрылыс материалдары – 4,4%, сусындар өндірісі – 6,6%, пластмасса бұйымдары – 7,8%, жеңіл өнеркәсібі – 24%.
Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,7%-ке жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 5,6%-ке, газ өндіру – 2,5%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 17,4%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 3,2%-ке өсті.
Металл кендерін өндіру – 0,2%-ке, көмір өндіру – 8,1%-ке төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,3%-ке ұлғайды. 19 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Абай, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалды.
12 шілде 2023 ж. 381 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 40

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 89

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 95

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 65

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 99

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031