Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан экономикасы бес айда 4,5%-ке өсті

Қазақстан экономикасы бес айда 4,5%-ке өсті

Бес айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,5%-ке өсті. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
"Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, биыл былтырғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 4,5%-ке өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,6%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 4,9%-ті құрады. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс саласы ең жоғары өсім көрсетті", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17,2%-ке артқан.
Министрдің айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 11,1%-ке өсіп, 44,4 млрд долларды құрады.
Экспорт 25,5 млрд доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 7,5%-ке ұлғайып, 8 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 18,9 млрд долларды құрап отыр. Жалпы оң сауда балансы 6,6 млрд долларға тең.
Қуантыров өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отырғанын атап өтті. Өндіріс көлемі 3,3%-ке өскен.
Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 31,9%-ке, оның ішінде автомобиль жасау – 40,8%-ке және электр жабдықтарын жасау 37,8%-ке ұлғайды.
13 маусым 2023 ж. 286 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031