Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,3%-ке өсті

Екі айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,3%-ке өсті

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында ел экономикасының жай-күйі жыл басынан бері қалай өзгергенін баяндады, деп хабарлайды sputnik.kz.
"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3%-ке өсті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%-ті, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 5%-ті құрады", - деді ол үкімет отырысында.
Айтуынша, негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19,2%-ке өсті.
Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке артып, 6,1 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 2,1 млрд доллар болды.
Тауар импорты 4,2 млрд долларға жетті.
"Жалпы, оң сауда балансы 1,9 млрд долларға тең", - деді Қуантыров.
Өңдеу өнеркәсібінде де оң өсім сақталып отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ке өскен. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ке жоғарылады.
14 наурыз 2023 ж. 548 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031