Қазақстанда 300-ден астам колледж аттестаттаудан өте алмады
Мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезеңінде 219 колледж 624 мамандық бойынша 780 біліктілік лицензияларын қайтарды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында жеке колледж жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жыл басынан бері Қазақстан 519 колледжде мемлекеттік аттестаттау өтті. Талдау нәтижесі бойынша Алматы, Астана қаласы, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан және Ұлытау, Абай облыстарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жақсы көрсеткіштер байқалған.
Алайда, 300-ден жүзден астам колледж аттестаттаудан өтпеген, олардың дені Шымкент қаласы мен Павлодар, Қызылорда облыстарында. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш төмен.
"Мемлекеттік аттестаттау техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар проблемаларды анықтап берді. Қазір Астана қаласы, Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы тоғыз жеке колледждің қолданыстағы лицензиясы мен білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияға қосымшаларды қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл колледждер енді білім беруді тоқтатады. Сондай-ақ лицензияға қосымшасы болмаса да білім берген 10 колледж анықталды", – деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.