Бастау бизнес: Жаңа бизнес идея үшін грант алу қағидалары
Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға өтінім қабылдаудың бірінші легі басталып, 10 күнге жалғасады. Жыл ішінде барлығы төрт лек өтеді.
Грант мөлшері 400 АЕК-ке (1 380 000 теңге) тең. Әр қатысушы мұндай грантты бір рет қана ала алады.
Айта кетейік, грантқа қатысты кез келген сұрақ бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.
Гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі.
- грант алу шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алу, оны толтырып, порталға қайта жүктеу;
- өтінім формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою керек.
- жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
- «қандас» мәртебесі баразаматтар;
- өңіраралық қоныс аударушылар;
- аз қамтылған отбасы мүшесі;
- көпбалалы отбасы мүшесі (әйелі/күйеуі);
- мүгедектігі бар бала асырап отырған азаматтар (әйелі/күйеуі);
- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
1-лек
20.02.2023 - 03.03.2023
2-лек
15.05.2023 - 26.05.2023
3-лек
10.07.2023 - 21.07.2023
4-лек
04.09.2023 - 15.09.2023
- Қызылорда қаласы 8 /7242/ 71-08-90;
- Арал ауданы 8 /72433/ 2-45-88;
- Қазалы ауданы 8 /72438/ 2-19-75;
- Қармақшы ауданы 8 /72437/ 2-28-94;
- Жалағаш ауданы 8 /72431/ 3-10-03;
- Сырдария ауданы 8 /72436/ 2-25-84;
- Шиелі ауданы 8 /72432/ 4-32-36;
- Жаңақорған ауданы 8 /72435/ 2-39-06.