Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,3% құрады

Жыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,3% құрады

Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,3%-ды құрады. Есепті кезеңде негізгі тенденциялар бойынша нақты секторда жоғары өсім, қызмет көрсету секторында өсу қарқыны және оң сауда балансының сақталуы байқалады. Нақты сектордағы өсім 3,4%-ды құрады. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,5%-ға дейін өсті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров
ҰЭМ басшысының айтуынша, құрылыс, ақпарат және коммуникациялар, сауда, көлік және қойма шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі салаларында оң өсім байқалуда.
Министр сонымен қатар негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқынының 4,5%-ға дейін артқанын айтты. Инвестициялар мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруға – 99,2%-ға, білім беруге – 74,8%-ға, саудаға – 26,4%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 19,9%-ға, қаржы және сақтандыру қызметіне – 17,3%-ға, құрылысқа – 14,8%-ға өсті.
Өңірлік тұрғыда ең жақсы көрсеткіштер Шымкент пен Алматыда, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарында атап өтілді. Төмендеу Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстарында тіркелді.
Әлібек Қуантиров
16 тамыз 2022 ж. 584 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031