Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық шот-фактураны жазып беруден кім босатылады?

Электрондық шот-фактураны жазып беруден кім босатылады?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қандай кәсіпкерлік субъектілері электрондық шот-фактураны жазып беруден босатылатыны туралы айтып берді. Жаңашылдықтар 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілді.
Электронды шот-фактура (ЭШФ) жазып беру бойынша міндеттемелерді орындауды жеңілдету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті пилоттық жобаны іске қосты. Оған сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін ЭШФ жазып беруден босату қарастырылған, - делінген МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №588 бұйрығымен белгіленген.

ЭШФ жазып беру міндетінен:құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен (2,9 млн теңге) асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша кәсіпкерлік субъектілері; сатып алынған тауарды түпкілікті тұтыну мақсатында пайдаланылатын жеке тұлғаларға өткізу кезінде кәсіпкерлік субъектілері; жеке және заңды тұлғаларға тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеушілері болып табылмайтын - микрокәсіпкерлік субъектілері шот-фактура жазып беруден босатылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактура жазып беруді талап еткен жағдайда, жеткізуші осындай талапты орындауға міндетті екендігін ескеру қажет.Пилоттық жобаның қатысушылары болып жоғарыда көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келетін салық төлеушілер танылады.
01 шілде 2021 ж. 371 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 121

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031