Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюджет қаражатын игермеген облыс әкімдері белгілі болды

Бюджет қаражатын игермеген облыс әкімдері белгілі болды

Нұр-Султан қаласы мен Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстары 5 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын әлі игермеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңге болғанын, атқарылмаған қаражат 61 млрд теңге екенін айтты.

«Ағымдағы жылы өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд. теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 4 млрд теңге – үнемдеу, 13 млрд теңге игерілмегені. Ең көп игерілмеу: Нұр-Султан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында қалыптасты», дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, игерілмеудің негізгі себептері - төлемнің негізділігін растайтын құжаттың ұсынылмауы, жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі және төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы.
14 маусым 2022 ж. 640 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 28

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031