Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді

Қаңтар айында несие алғандар саны күрт көбейді

Ұлттық банктің мәліметінше, банктер берген несие қаңтар айында – 3,7%, ал былтырғы қаңтардан бергі бір жылда 26,5%-ке көбейіп, 18 497,7 млрд теңге болды.
Соның ішінде, заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 758,8 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғаларға – 10 738,8 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы кредит көлемі бір айда 16 588,2 млрд теңгеге дейін 3,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 3,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 909,5 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,6%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,9%-ға төмендеді. 2021 жылғы желтоқсанның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 030,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 467,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы желтоқсанда 3 772,2 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 48,6%-ы).
2021 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 11,4%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (14,9%).
02 ақпан 2022 ж. 1 062 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031