Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар көп несие ала бастады

Қазақстандықтар көп несие ала бастады

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 977,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. 

2018 жылғы қарашаның соңында банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 863,6 млрд теңгені, – деп хабарлайды. Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі өзгермей, 7 596,8 млрд теңге болды, ал жеке тұлғалардыкі 5 266,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.
Қайта құрылымдаудан өтетін және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 8,1% немесе 942,7 млрд теңге болды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 977,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,8%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 885,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,4%-ға, жеке тұлғаларға – 4,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қарашаның соңында 77,6%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 964,7 млрд тенгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 898,9 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу өзгерген жоқ (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 2 421,9 млрд теңге немесе 18,8%).
Салалар бойынша бөлуде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,9%), сауда (13,5%), құрылыс (6,3%), көлік (4,7%) және ауыл шаруашылығы (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.
2018 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,1% (19,2%) болды.

26 желтоқсан 2018 ж. 1 079 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 142

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031