Жаңа еркін экономикалық аймақ құру ұсынылды

Оның айтуынша, Шұбаркөл көмірі бәсекеге өте қабілетті әрі одан фармацевтикалық және химиялық өнімнің 300-ге жуық түрі өндіріледі. «Көмірдің аз жағылуына байланысты өндіріс көлемі қысқарған жағдайда кеншілерге не істеу керегі айтылған жоқ. Сондықтан көмір кеніштерінің төңірегіне инвесторлар келуі үшін еркін экономикалық аймақ құруға мүмкіндік беріңіздер», - деді атқарушы директоры Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресіндегі брифингте. Николай Радостовецтің пікірінше, еркін экономикалық аймаққа жұмыс істеуге келген инвесторлар салықтан босатылуы керек, әрі оларға басқа да жеңілдіктер берілуі шарт. «Олар 5-10 жыл бойы салықты мүлдем төлемесін. Инвесторлар біз сатып алып отырған көмірден химиялық және фармацевтикалық өнімдерді шығара бастайды. Осылайша, біз қосылған құны жоғары өнімдерді сататын боламыз», - деп түйіндеді сөзін басшы.