Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті

Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттап кетті

Айта кету керек, Қазақстан макулатура мен қағазды экспорттауға тыйым салуды қайта енгізгісі келеді.Бір жыл ішінде Қазақстанда дәретхана қағазы 6%-ға қымбаттады деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz.
Energyprom.kz зерттеуіне қарағанда, 2021 жылдағы сегіз ай ішінде елімізде 56,8 млрд теңгеге қағаз және қағаз өнімдері шығарылды. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға көп. Сектордағы өнеркәсіптік өндірістің нақты өсімі 3,7%-ды болды.

Өндірістің ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі болды: 19,3 млрд теңге. ТОП-3-ке Алматы қаласы (16,9 млрд. теңге) мен Шымкент (5,3 млрд теңге) кіреді.

Айта кету керек, Қазақстан макулатура мен қағазды экспорттауға тыйым салуды қайта енгізгісі келеді. Бұйрықтың жобасы ішкі нарықта дайын өнімнің құнын төмендету үшін қайта өңделетін қағазды немесе картонды (макулатура мен қалдықтар) отандық түрлендірушілерді қолда бар шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Биыл қыркүйек айының соңында дәретхана қағазының жыл сайынғы өсімі 5,9 пайыз болды. Аймақтық жағдайда бағаның ең жоғары өсуі Жамбыл (11,9%), Шығыс Қазақстан (10,8%) және Атырау (9,1%) облыстарында байқалды, – деп жазды сарапшылар.
Қазақстанда дәретхана қағазы қымбаттады
А4 форматындағы қағаз да бір жыл ішінде 5,8%-ға қымбаттады. Бағаның өсімі Атырау (жылына 17,6%), Ақмола (12,2%) және Қызылорда (12,1%) облыстарында тіркелді.
15 қазан 2021 ж. 546 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930