Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономика: Үшінші тоқсан 3,4 пайыз өсіммен түйінделді

Экономика: Үшінші тоқсан 3,4 пайыз өсіммен түйінделді

Бүгінгі Үкімет отырысында жылдың үш тоқсанында ел экономикасының қандай өзгерістерді басынан өткергені талқыланды. Екі министр мен Ұлттық банк төрағасының баяндамасынан кейін Премьер-Министр Асқар Мамин экономиканың өсу серпінін «сенімді» деп бағалап, инфляциямен күресті күшейтуді тапсырды.
«Ұлттық экономикада сенімді өсу серпіні байқалады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,4 пайызға дейін қарқын алды. Экономика дамуының негізгі драйвері нақты сектордағы өндірістің тұрақты өсуі болды» - деген Асқар Мамин бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 0,2 пайыз қымбаттағанына назар аударды. «Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер экономика секторларында өсу қарқынын ұлғайту, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалардың өсуін тежеу бойынша жұмысты күшейтуі қажет», - деді Үкімет басшысы. Ұлттық экономика министрінің мәліметі бойынша, өндіруші емес салаларға тартылған инвестициялардың үлесі артқан. Дәлірек айтсақ, құрылыс саласында – 1,3 есе, өңдеу өнеркәсібінде – 80,6%, саудада – 37,8%, ауыл шаруашылығында – 36,7%, ақпарат және байланыста – 14,3%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында –18,9% және қаржы саласында – 15,6% өскен. Министр қаңтар-қыркүйек аралығында импорт көлемі 25,4 млрд теңгеге жеткенін айтады. Жалпы сауданың оң балансы 12,1 млрд доллар көлемінде. Экономиканың барлық көрсеткіштері бойынша Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстарын мен Шымкент қаласы 9 айды жақсы өрсеткішпен аяқтап отыр. Батыс Қазақстан облысында 4 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалған. Үкімет мүшелерінің алдында Ұлттық банк төрағасы инфлияцияны ауыздықтаудағы қиындықтарды атады. «Биылғы тамызда Қытай мен дамыған елдердің сұранысы базалық металдардың бағасын 42,6%-ке қымбаттатып, соның әсерінен өнеркәсіптік шикізат құны 38,5%-ке өсті. Осы кезеңде ауыл шаруашылығы шикізаты 22,7%-ке қымбаттады. Ал қыркүйекте өсімдік майы, дәнді дақылдар, сүт өнімдері мен қант бағасының көтерілуі нәтижесінде ФАО (БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы-ред.) тізбесіндегі азық-түлік бағаларының индексі 130,0-ға дейін өсті. Бір жыл ішінде ФАО индексі 32,8% өсті», - деді Ерболат Досаев. Айтуынша, бағаның бұлай құбылуына Ресейдегі инфляциялық фон әсер еткен. «Сыртқы инфляцияның, әсіресе Ресей Федерациясы сияқты негізгі сауда әріптес елдерде инфляциялық фонның нашарлауы инфляциялық қысымның қосымша көзі болып табылады», - деді Ұлттық банк басшысы . Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан экономикасы үшін қалыптан өзгеше құбылыс байқалып отыр. Мұнайға деген сұраныс қалпына келгенімен, теңге бағамы құбылып тұр. Ерболат Досаев мұны фискалдық ынталандыру, зейнетақы жинақтарын пайдалану, импорттың ұлғаюы және шетел валютасына деген сұраныстың өсуі сияқты фаткорлармен байланыстырып отыр. 9 айда экономиканың өсімі 3,4 пайызға дейін жеделдегенімен, бұл Ұлттық қорға түсіретін салмақты жеңілдете алмайтын түрі бар. Активтері бір айда 1,9 млрд долларға төмендеп,жалпы мөлшері 55 млрд доллар болған. Қыркүйек айында ғана Ұлттық қордан трансферт ретінде 392 млрд теңге берілсе, кірген түсім 135 млрд теңге болд. «Қыркүйекте Ұлттық қордың инвестициялық кірісі теріс қалыптасып, активтердің барлық сыныптары бойынша түзетуге байланысты 1,2 млрд долларға немесе 2,11% кеміді»,- деді Ұлттық банк төрағасы . Қаңтар мен қыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түссе, републикалық бюджеттің ғана шығыны 11 трлн теңгеден асып отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау, Әдiлет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бюджеттің орындалуын кешіктіріп жатқанын атады . Сондай-ақ, ол мемлекеттік сатып алу бағытында жүргізілген камералдық бақылау кезінде 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталғанын айтты. Ал аудиторылық тексерулер кезінде 155 млрд теңгенің тиімсіз иігерілуіне жол берген 2 мыңнан астам мекемеге ұсынымдар берілген. Қаржы министрі жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 9 айдың ішінде қандай шаралар іске асқанын атап өтті. Биыл бесжылдық жоспар бойынша сатылуы тиіс 733 нысанның 149-ы сатылып сенімгерлік басқаруға берілген. Бұл саудадан бюджетке 50 млрд теңге түскен. «Сондай-ақ, 7 объекті таратылады. Алдағы уақытта 397 объектіні өткізу керек», - деді веомство басшысы. Ал Үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бюджет қаражатының уақытылы игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

12 қазан 2021 ж. 318 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930