Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Ұлттық қорында қанша ақша бар?

Қазақстан Ұлттық қорында қанша ақша бар?

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Ұлттық қорының активтері қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бюджет процесінің маңызды құрамдас бөлігі - Ұлттық қор. Оның активтері биыл 1 маусымда 27,6 триллион теңге, оның ішінде валюта портфелі - 58,5 миллиард доллар болды. Айта кетейін, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Ұлттық қор 744 миллиард теңгеге өсті", - деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Қаржы министрлігінің басшысы ведомство қорды жинақтау функциясын күшейтуге бағытталған жұмысты жүйелі негізде жүргізіп жатқанын атап өтті. Мысалы, Бюджет кодексіне Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшерін кезең-кезеңімен қысқарту және контрциклдық бюджеттік ережені қолдану бойынша түзетулер енгізілді.

"Бұл шаралар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына және мұнайлық емес тапшылықтың біртіндеп төмендеуіне ықпал етеді", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Ұлттық қорды құрудың мақсаттары: елдің тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету; болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтау; экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділікті төмендету; республикалық және жергілікті бюджеттердің әлемдік бағалар конъюнктурасына тәуелділігінің төмендеуі.
15 маусым 2021 ж. 921 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930