Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңге төлеуге негіз жоқ – кәсіпкерлер палатасы

42 500 теңге төлеуге негіз жоқ – кәсіпкерлер палатасы

Кәсіпкерлердің Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ, деді Абылай Мырзахметов"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлеріне 42 500 теңгеден төлеуге негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі жағдайды толық локдаун деп айтуға болмайды. Шектеу бар, әрине, бірақ біз мұны әзірге демалыс күндердегі шектеу деп атаймыз. Барлығының Ashyq арқылы жұмыс істеуге құқығы бар, толық тоқтап қалған жоқ. Әрине, демалыста бизнес шығынға ұшырайды деген сөзбен келісемін, алайда бұл төтенше жағдай немесе локдаун емес. Яғни әзірге 42 500 теңге төлеуге құқықтық негіз жоқ", - деді Мырзахметов баспасөз мәслихатында.Ол карантиндік шектеулерге байланысты кәсіпкерлер кірісінен айырылып жатқанын түсінетінін айтты. Десе де бизнесмендерге аптасына бес күн жұмыс істеуге жағдай жасалып отыр.
"Бір аптадан кейін Ashyq жобасының лидерлері үшін жағдайды жақсартамыз. Егер сен бизнесмен болсаң, Ashyq-қа қосылсаң, түн ортасына дейін жұмыс істей аласың", - деді басқарма төрағасы.
Мырзахметов бір жұмадан кейін нысандардың жұмысына талдау жасалып, Ashyq көшбасшылрына демалыста да жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін екенін атап өтті.
28 шілде 2021 ж. 329 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 182

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031