Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қор активтері қандай деңгейде өсті

Ұлттық қор активтері қандай деңгейде өсті

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордың қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бюджеттік процестің маңызды компоненті – ол Ұлттық қор. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша оның активі 27,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде валюталық портфель 58,5 млрд доллар. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде. Оның айтуынша, министрлік тарапынан қордың жинақ қызметін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Осы орайда Ұлттық қордан кепілді трансферт көлемін біртіндеп қысқарту бойынша Бюджет кодексіне түзетулер енгізілді. Бұл қадамдар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етіп, мұнайлы емес тапшылықты біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады.
15 маусым 2021 ж. 1 035 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 155

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031