Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушылардың берешегін төмендету қажет

Тұтынушылардың берешегін төмендету қажет

Еліміздің бірқатар облысы мен қаласында дебиторлық қарыз өсті. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министрлер кабинетінің жетекшісі өткен жылыту маусымының қорытындысы мен келесі маусымға дайындық шарасын тілге тиек етті. «1 маусымға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырамын. Солтүстік және шығыс өңірлерінің ауарайы жағдайын ескере отырып, 1 қыркүйекке дейін – білім беру ұйымдарының, 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылымның, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала нысандарының толығымен дайын болуын қамтамасыз ету қажет», – деді Асқар Мамин. Бұдан кейін үкімет басшысы тұтынушылардың дебиторлық берешегін төмендету және энергия өндіретін ұйымдардың отын жеткізушілердің алдындағы берешегін өтеу шарасын қабылдау қажеттігіне назар аударды. «Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері дебиторлық берешектің өсу проблемасына назар аударсын», – деп қорытты сөзін премьер министр.


18 мамыр 2021 ж. 859 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30