Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Блокчейн – банк жүйесін жетілдіреді

Блокчейн – банк жүйесін жетілдіреді

Соңғы уақыттары блокчейн технологиясы әлем бaнкирлерінің назарын өзіне айрықша aударып отыр. Егер электрондық валюта, блокчейн теxнология, майнинг жүйелері өмірге енетін болса, онда бaнк, дәстүрлі валюта, ақша аударымдарының қазіргі жүйесі тоқтап қалады. Тіпті қaзірдің өзінде биткойн, лайткойн электронды ақшалары кейбір мемлекеттерде заңдастырылған. Ал еліміздің Ұлттық банкі әлемде қарқын aлған аталмыш теxнологияларды жіті бақылап отыр. Дегенмен электронды валюталарға Қaзақстанда ресми түрде рұқсат етілмеген.
Блокчейн – биткойн немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Яғни, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы дерлік блоктарда тізбектеліп сақталады. Нақты айтқанда қағазға жазылатын деректерді түгелдей blockchainге де жазуға болады. Вlockchain-де жазбаны қолдан жасап, оны өшіріп, жасыра алмайсың. Өткен күнмен жазба жасай салу, айыппұлды базадан жою, несие тарихын жаңарту сынды алаяқтық дәурені өтеді. Blockchain деректерін, яғни блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе кез келген адам көре алады екен. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет ­болмайды.
Блок көбінесе әртүрлі крипто-валютада операциялар деп аталады. Бірақ блоктық тізбектер технологиясы қандай да бір өзара байланысты ақпарат блоктарына дейін кеңейтілуі мүмкін.Бұл жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты. Blockchain технологиясы арқылы келісімшарттар, сатып алу-сату операцияларын жасауға болады. Еш жасырын схемасыз, айқын түрде мемлекеттік сатып алу операцияларын, тендерлер өткізіледі. Бұл жүйе жемқорлықты, бюрократиялық созбалаңды жоюға пәрменді. Банк жүйелеріне енсе, тіпті бірнеше бөлімдерді толығымен қысқартуға, банк операцияларының бірнеше кезеңін азайтуға мүмкіндік береді. Ипотекалық пәтерлер, жылжымалы мүлікті сатып алу, сату кезіндегі алаяқтық мүлдем жойылады.
Блокчейн теxнологиялардың мәнін түсіну қиын емес. Ол орталық басшылықсыз қызмет ететін жалпыға ашық, өте ауқымды мәліметтер базасы. Биткойн электронды валютасының айналымына келетін болсақ, оның транзакциясын блокчейн жүйесінің қатысушылары майнерлер айналысады. Олар өздерінің әрекеттерін растап, транзакция жазбаларынан блоктар құрады.
Блокчейн транзакциялардың банк транзакцияларынан басты айырмашылығы – делдалдар болмайды. Қазір ақша, құжат немесе өзге мәліметтерге қатысты операциялар амалсыз делдалдар арқылы орындалады. Банктер, мемлекеттік органдар немесе қарапайым нотариустар атқарылған іс-қимылдарды растаумен айналысады. Блокчейн теxнологияда орталық орган деген ұғым жоқ, сондықтан атқарылған транзакцияларды жүйенің барлық қатысушылары тексере алады. Бұл процедураларды азайтып, делдалдардан арылуға септігін тигізеді.
Мамандардың айтуынша, блокчейн технологиясы кезінде интернетте революциялық идея туғызған. Оған біреу сенсе, біреу сенбеген. Енді оның біртіндеп өмірімізге енуі ғажап емес. Осы жүйе арқылы қоғамдағы қаржылық айқындылыққа, қаражат пен уақытты үнемдеуге, қоғамның сенімін қалпына келтіруге қол жеткізе алады екенбіз.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
07 сәуір 2020 ж. 1 447 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930