Ең бірінші қандай гүлдің атауын көрдіңіз? Өз мінезіңізді анықтаңыз


Сізге достарыңыздың ортасында болған ұнайды және олар да сіздің жаныңызда болғанды қалайды. Сіз өте жарқын, энергетикаға толы жансыз. Айналаңыздағы адамдарға күтпеген жерден сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетіп, оларды таң қалдыра алатын қасиетіңіз бар. Сіз өмірге өте құштар жансыз және оны айналаңызға өз сезіміңіз арқылы жеткізуге тырысасыз!
Лилия

Роза


Сіз – өте нәзік әрі сезімтал адамсыз. Өзіңізді басқа адамдардың орнына қойып көре аласыз. Нәзік болсаңыз да, қажет болған жағдайда өз тікеніңізді пайдаланасыз. Сіздің достарыңыз саусақпен санарлықтай болуы мүмкін, бірақ олар сіздің нағыз достарыңыз. Сізбен шынайы достаса білген адам – сіздің жүрегіңізге жол таба білген жан!
Гладиолус


Сіз өзге адамдарға мүлде ұқсамайтын ерекше тұлғасыз. Өзгелер ұстанатын арнайы ережемен өмір сүрмейсіз. Сіздің өз ережелеріңіз бар және солармен ғана өмір сүресіз. Сіз қандай да бір топтың ішіне сіңісіп кету үшін өз болмысыңыздан қашпайсыз. Сіз болмысымен өзіңізге ұқсайтын батыл адамдардың ортасында болған ұнайды.
Тюльпан

Орхидея
Сіз өте шыдамды әрі шешімді тез қабылдайсыз. Ешқашан да көңіліңіз түсіп, оңай берілмейсіз. Өзгелер қандай бір мәселені ойлап басы қатып жүретін болса, сізге керісінше мұндай мәселелер мотивация сыйлайды, сіз өзіңізді одан сайын жігерлендіре түсесіз. Сіз өте мықтысыз және сіздің бойыңыздағы батылдық айналаңыздағы адамдарға да күш сыйлайды.

www.qamshy.kz