Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Зеландияда мешітте болған атыстан 27 адам қаза тапты

Жаңа Зеландияда мешітте болған атыстан 27 адам қаза тапты

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында болған атыстан кем дегенде 27 адам қаза тапқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

ВВС Otago Daily Times басылымының хабарлауынша, атыс Крайстчерч мешіттерінде түс қайта болған. Нью-Плимутта өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министр Джасинда Ардерн бұл оқиғаны Жаңа Зеландия тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.

Полиция комиссары Майк Буш (Mike Bush) та қаза тапқандардың көп екенін растаған. Оның айтуынша, осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен бір адам ұсталған, алайда полиция осы оқиғаға кінәлі басқа адамдар да болуы мүмкін екенін жорамалдап отыр.

New Zealand Herald басылымының хабарына қарағанда, Майк Буш бүгін адамдардың мешітке бармай қоя тұруын өтінген. Полицейлер қала тұрғындарынан үйден шықпай, кез келген күдікті жағдайды байқаса, «111» нөміріне хабар беруін сұрайды. Қосымша шара ретінде полиция қаладағы мектептердің барлығын қоршаған. Атыс болған кезде Deans даңғылында орналасқан Мәсджид ән-Нур мешітінде 200-ге жуық адам болған. Қазір сол көшенің бір бөлігі жабық.

Бұдан бөлек, Линвуд кварталындағы мешіттің айналасында да атылған оқтардың дыбысы естілген деген мәлімет бар.
15 наурыз 2019 ж. 1 375 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031