Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл әлемнің ең бай адамдарының дәулеті $511 миллиардқа кеміді

Биыл әлемнің ең бай адамдарының дәулеті $511 миллиардқа кеміді

Биыл әлемдегі ең бай азаматтар 511 млрд доллардан айырылды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Ең ірі шығынға ұшыраған азамат – Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос. Оның байлығы 168 млрд доллардан 115 млрд долларға қысқарған. Биыл ол 53 млрд доллардан айырылды.

Табыстың азаюы – әлемдік саудадағы жағдайдың шиелінісуі мен АҚШ экономикасының қырқыны төмендейді деген қауіппен байланысты.

Сондай-ақ осы жылы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг те қомақты қаржы жоғалтқан. Оның байлығы 23 млрд долларға кеміді. Сарапшылар оны әлеуметтік желіге қатысты шыққан даумен байланыстырады.

Азияда ірі көлемде шығынға ұшыраған Wanda Group компаниясының иесі Ван Цзяньлинь болса, Еуропада Continental AG иесі Георг Шеффлер қомақты қаржыдан қағылған. Ван Цзяньлинь 11,1 млрд доллардан, Георг Шеффлер 14 млрд доллардан айырылған.

Мұнай бағасының құлдырауы мен Батыс елдерінің санкцияларды күшейтуіне қарамастан ресейлік бай азаматтар жылды жақсы аяқтаған. Ресейдің ең бай азаматтарының дәулеті жалпы 225 млрд долларға дейін кеміген. Жалпы осы жылы көрсеткіш 2%-ке төмендеген.

Биыл ресейлік бизнесмен Олег Дерипаски үшін сәтсіз болды. Ол АҚШ-тың санкциялары салдарынан 5,7 млрд доллардан айырылған.

23 желтоқсан 2018 ж. 870 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031