Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан полицейлері құран ұстап ант берді

Өзбекстан полицейлері құран ұстап ант берді

   Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданының ішкі істер бөлімінде істейтін қызметкерлер құран ұстап, пара алмауға, заң бұзушылық жасамауға ант берді.
   Аталған полиция бөлімінде ант қабылдау сәтінің суреттері әлеуметтік желіде тарап кетті.
  Азаттықтың өзбек қызметіне есімін айтпауды өтініп сұқбат берген Жоғарғы Шыршық ауданы ІІБ қызметкері ант қабылдау рәсімі аудан имамының араласуымен өткен.
  "Жеке құрамдағы әрбір қызметкер құранның өзбек тіліндегі нұсқасын ұстап, жемқорлық жасамауға және алдамшылық қылмауға ант берді" - деген ол.
   Ал алаған аудандық полиция баспасөз қызметі ант беру рәсімінің анық-қанығын білу үшін басшылыққа хабарласу керектігін айтты. Рәсімге қатысты деген аудандық имам бұл туралы пікір беруден бас тартты.
  Дегенмен, Өзбекстан Ішкі істер академиясында істеген оқытушының айтуына қарағанда, бұл әрекет жоғары жақтың тапсырмасынсыз, жергілікті полиция басқармасының әрекеті болуы мүмкін.






08 желтоқсан 2018 ж. 1 134 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 153

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031