Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде талай қызық бар

Әлемде талай қызық бар

Мексикада абақтыдан қашу қылмысқа саналмайды, себебі, жергілікті үкімет әрбір жанның еркін болуына және өз орнын табуына заң тұрғысынан ерік-тілек білдіреді екен...

Дәл қазіргі уақытта Эфиопия төрінде 2006 жыл, өйткені, эфиопиялық күнтізбеде бір жылда 13 ай бар.

Нидерландтықтар керісу кезінде адамды балағаттап, жаға жыртысып жатпайды. Оның орнына бір-біріне жаман ауру тілей салады (рак, туберкулез, т.б.). 
1960 жылдары басылып шыққан "Қылжақбасты өлтіру" романы үшін Харпер Ли әлі күнге күніне 9000 АҚШ долларын алып тұруда...

1913 жылдары Америкада балаларды почта арқылы салып жіберу әдетке айналған. Жіберуші "тірі сәлемдеменің" киіміне мөрін басып, арада біршама уақыттан соң онысы пойыз арқылы жетіп тұрған. 

Кішкене піл балалары тұмсықтарының көмегімен су ішуге бірден үйренісіп кете алмайды. Бастапқыда олар шөлін басуға басы-мұрнымен кіреді...

Адам саусақтары 13 нанометрге дейін көзге көрінгісіз майда дүниелерді сезінуі мүмкін. Бұл дегеніміз, егер саусақ Жердің мөлшерімен бірдей болғанда, онда үй мен көлік мөлшеріндегі заттарды сезіне алар едік деген сөз. 

BMW M5 моторының тыныш қосылып, үні шықпайтыны соншалықты, компания басшылығы жұмыс жасап тұрған қозғалтқыштан бір хабар беру үшін алғашқы уақытта жасанды дауыстарды қарастырып көрген.

1937 жылы актриса Элис Брейди “Оскар” сыйлығын алады, алайда салтанатты табыстау кешіне өзі қатыса алмайтын болады. Сахнаға басқа бір жан көтеріліп, "актрисаның атынан" мүсіншені алған. Ол уақытта оған ешкім де таңғалып жатпапты. Әлгі жан да, алтын мүсіншені де сосын ешкім көрмеген.

Біздің Жеріміз үлкен болғандықтан, әрбір еріктінің жоғарыдан төмен құлауы 32 сағатқа созылар еді... 

Адам мен банан ДНҚ-сы 50 пайызға ұқсас.  

Түні бойы ұйықтау әдеті бұдан 200 жыл бұрын пайда болған. Оған дейін тәулігіне екі рет ұйықтап тұру салтқа айналып, ғұрыпқа саналып келген. Соңғы зерттеулерде соңғы уақытта адамдардың тәулігіне екі рет ұйықтап тұруға қайта көше бастағаны айтылады.

Оңтүстік Кореяның мейрамханаларында сашими асын кальмардың тірі қалған қармауыштарымен алдыруға болады. 

“Поляр жұлдызы” – орбита бойымен бір-бірін айналатын жұлдыздар шоғыры. 

"Өкіл әкенің" түсірілім кезінде Джон Марли өз жылқысының басын көріп, ащы айқайға салуға тиіс болады. Бір қызығы, түсірілім күні актерге еш ескертпестен, бұрынырақта қойылып келген қызыл бояу заттың орнына нағыз жылқының қанды басын қояды. Содан болса керек, актер әлгі басты көргенде, киноға түсіп жатқанын ұмытып кетсе керек... Өз кезегінде, сол бір эпизод жанды шығыпты.  

massaget.kz​​​

25 қараша 2018 ж. 1 359 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930